Қостанай облысы әкімдігі қаржы басқармасының аппаратын қаржылық қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже

Облыс әкімі аппараты

                                                            басшысының

2019 жылғы 3 қаңтардағы

№ 2 бұйрығымен беккітілген

 

 

Қостанай облысы әкімдігі қаржы басқармасының аппаратын қаржылық қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже

 

І. Жалпы ережелер

 

  1. Қостанай облысы әкімі аппаратын мемлекеттік қаржылық қамтамасыз ету бөлімі мемлекеттік мекемесінің құрылысдылық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметін Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасы орталық атқару органы нормативтік-құқықтық актілерін, бұрықтарын, өкімдерін, нұсқаулықтарын басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің штаттық санын Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен облыс әкімі аппаратының басшысы бекітеді.
  4. Қаржылық қамтамасыз ету бөлімі:

1) Басшыдан;

2) Екі бас инспектордан;

3) Екі бас маманнан тұрады.

 

ІІ. Негізгі міндеттері

  1. Қаржы басқармасы аппаратын қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің негізгі міндеттері:

         2.1. Қаржы басқармасы қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстың есебі;

         2.2. Салықты бюджетке, міндетті зейнетақы жарналарын зейнетақы қорларына уақытылы аударуды және қызметшілерге және штаттан тыс қызметкерлерге жалақы төлеуді қамтамасыз ету;

         2.3. Есептілікті уақытылы жасау және ұсыну болып табылады.

 

ІІІ. Қызметтері

         Қаржы басқармасы аппаратын қаржылық қамтамасыз ету бөлімі мына қызметтерді жүзеге асырады:

         3.1. Басқарма бойынша бухгалтерлік есепті жүргізуді (негізгі құрал-жабдықтарды, тауар-материалдық құндылықтарды, шаруашылық операцияларды және с.с. есепке алу) жүзеге асырады.

         3.2. Қаржылық тәртіпті сақтауға және ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады.

         3.3. Есеп жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскілері бойынша деректер дайындайды, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа тапсыру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес рәсімдейді.

         3.4. Бухгалтерлік ақпараттың деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыс атқарады, деректерді өңдеген кезде пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгерістер енгізеді;

         3.5. Қаржыландыру жоспарын және басқарманың аппаратын ұстау бойынша бюджеттік қаржы бөлулердің пайдалануын талдауды жасайды.

         3.6. Мемлекеттік сатып алу бойынша есеп жасайды.

         3.7. Есеп және есептілік мәселелері бойынша әдістемелік нұсқаулардың,бухгалтерлік құзыретке жататын басқа нормативтік құжаттардың, ережелердің, нұсқаулықтардың жүйелендірілген есебін жүзеге асырады.

         3.8. Басқарма бойынша атқарылу туралы айлық, тоқсандық, жылдық есептерді, кредиторлық және дебиторлық берешек туралы есепті жасайды.

         3.9. Салық, статистикалық есептілікті жасайды және оны Қостанай қаласы бойынша Салық комитетіне және тиісті Қостанай облыстық статистика басқармасына ұсынады.

         4.0. Бюджеттің атқарылуына және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына байланысты мәселелер бойынша семинарлар және басқа іс-шаралар өткізеді және оларға қатысады.

 

  1. Құқықтары

         Бөлім қызметкерлерінің:

         4.1. Олардың қызметіне қатысты басқарма басшылығы шешімдерінің жобасымен танысуға.

         4.2. Тиісті мәселелер бойынша басқарма қызметін жақсарту бойынша, жұмыстың тиімділігін және сапасын арттыру үшін бөлімнің еңбек және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстарды басшылықтың қарауына енгізуге;

         4.3. Өз құзыретінің шегінде құжаттарға қол қоюға және бұрыштама қоюға;

         4.4. Өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпартты және құжаттарды алуға;

         4.5. Басқарманың жұмысы үшін құрылған тұрақты (уақытша) комиссияның мүшесі болуға;

         4.6. Мемлекеттік органның есебінен біліктілікті арттыруға;

         4.7. Облыстың ұйымдары мен мекемелеріне түсіндіру және консультациялық көмекке жүгінуге құқығы бар.

 

         Қосымша: бөлім басшысының, бас мамандардың лауазымдық нұсқаулықтары.

Дата публикации
04 июня 2020