Облыс әкімі аппараты басшысының
2019 жылғы 29 наурыздағы
№ 91 бұйрығына қосымша
Облыс әкімі аппараты басшысының
2019 жылғы 3 қаңтардағы
№ 2 бұйрығымен бекітілген
Облыс әкімі аппаратының
ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі туралы ереже
1) Басшыдан;
2) Төрт бас инспектордан;
3) Алты бас маманнан тұрады.
функциялары, құқықтары және міндеттері
1-міндет: облыс әкімі және әкімдігінің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Функциялары:
2-міндет: облыс әкімдігі актілерінің, қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, тапсырмаларының орындалуын бақылауды және тексеруді ұйымдастыру.
Функциялары:
1) облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, тапсырмаларының орындалуын бақылайды;
2) “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” заңның шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент, жергілікті өкілетті орган депутаттарының сайлауларын, референдумдарды ұйымдастыруды және материалдық – техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
3) облыс әкімінің, қалалар мен аудандар әкімдерінің тұрғындар алдында есеп беру кездесулерін ұйымдастыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Әкімдердің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесулерінің барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулердің орындалуына мониторинг жүргізеді;
4) облыстың әкімшілік – аумақтық құрылысын өзгерту мәселелері жөніндегі бірлескен әкімдік қаулылары мен мәслихат шешімдерін дайындауды, материалдарды жинақтауды және талдауды қамтамасыз етеді.
3-міндет: өңірлердегі істің жағдайы туралы облыс әкімін ақпараттық қамтамасыз ету деңгейін көтеру.
Функциялары:
1) облыс әкіміне, оның орынбасарларына, аппарат басшысына атқарушылық тәртіп жағдайы туралы деректерді ұсынады;
2) жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тәжірибесін зерделейді және қорытындылайды, олардың жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) ұйымдастыру-инспекторлық жұмысының мәселелері бойынша барлық деңгейлердегі әкімдердің аппараттарына, облыстық департаменттерге, комитеттерге, басқармаларға әдістемелік көмек көрсетеді;
4) Бөлімге келіп түскен азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарайды.
1) облыстық және аумақтық атқарушы билік органдарынан, барлық деңгейлердегі әкімдіктерден, облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінен қажетті ақпаратты, жоспарларды, есептер мен басқа материалдарды сұратып алу;
2) облыс әкімі және әкімдігінің қарауына енгізілген мәселелерді дайындауға қатыстыру үшін облыстық және аумақтық атқарушы билік органдарының, облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін тарту;
3) облыс әкімі аппаратының басшысына Бөлімнің және облыс әкімі аппаратының қызметін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды енгізу;
4) облыс әкімі аппараты басшысының келісімі бойынша облыс әкімі, оның орынбасарлары, облыстық басқармалар, департаменттер, комитеттер басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері өткізетін кеңестердің жұмысына қатысу.
ұйымдастыру
1) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын анықтайды;
2) Бөлімнің жұмысын жоспарлауды жүзеге асырады;
3) облыс әкімінің аппараты мен әкімдігінің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңдары мен Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ауыстыратын тұлға қол қояды.
_______________________________