Қостанай облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, терроризмнің алдын алу және сақтандыру бөлімі жөніндегі ереже

Облыс әкімі аппараты басшысының 2019 жылғы               12 тамыздағы № 237 бұйрығына қосымша

Әкім аппараты басшысының 2019 жылғы 3 қаңтардағы               № 2 бұйрығымен бекітілген

 

Қостанай облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, терроризмнің алдын алу және сақтандыру бөлімі жөніндегі ереже

  1. Жалпы ережелер
  2. Жұмылдыру дайындығы, терроризмнің алдын алу және сақтандыру бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативті құқықтық актілерін, облыс әкімінің аппараты жөніндегі Ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  4. Бөлімнің құрылымы және штаттық саны, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте облыс әкімі аппаратының басшысының бұйрығымен бекітіледі.
  5. Жұмылдыру дайындығы, терроризмнің алдын алу және сақтандыру бөлімі:

         1) Басшыдан;

         2) Бас инспектордан;

         3) Алты бас маманнан тұрады.

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары.
  2. 1-міндет. Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу.

         Функциялары:

1) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде жұмысына жәрдем көрсетеді, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы уәкілетті орган өткізетін облыс аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларды (жаттығуларды) өткізуге қатысады;

2) облыс әкімі аппаратында, облыс әкімдігінің облыстық басқармаларында және қалалар мен аудандардың атқарушы органдарында персоналды басқару қызметтерінің (кадр қызметтерінің) әскери міндеттілерді броньдау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

3) атқарушы органдардың оларды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды ұйымдастырады;

4) жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайы мен соғыс уақытында қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп, жұмылдыру кезеңінде әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды ұйымдастырады;

шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы хабардар ету және жеткізу, құрама пункттерге немесе әскери бөлімдерге техниканы жеткізеді;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстық және аудандық коммуналдық меншік объектілерін қорғаныс мұқтажы үшін (қажет болған жағдайда) береді;

5) орталық мемлекеттік органдардың мүдделі аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, тиісті кезеңдерге арналған облыстың жұмылдыру жоспарын әзірлейді, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі уәкілетті органдармен келіседі және оны облыс әкіміне бекітуге ұсынады;

           6) белгіленген тәртіппен жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

7) мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп облыстық жұмылдыру жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;

8) қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын уақтылы және сапалы әзірлеуге бақылауды жүзеге асырады;

9) белгіленген тәртіппен қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келісуді ұйымдастырады;

10) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, облыстық басқармалармен, қалалар мен аудандардың атқарушы органдарымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында өзара іс-қимыл жасайды.

  1. 2-міндет: Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу.

Функциялары:

1) облыстың әкімшілік аумағында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, терроризм профилактикасы, терроризм көріністерінің салдарын азайту және (немесе) жою бойынша іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу бойынша терроризмге қарсы комиссияның ұсыныстарын дайындайды;

        2) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жағдайға әсер ететін облыс аумағындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, діни және өзге де процестердің мониторингісін бағалайды және болжайды;

        3) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен терроризм профилактикасы, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

        4) терроризм профилактикасы, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою саласындағы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметіне теріс әсер ететін себептер мен жағдайларды айқындайды және жояды;

       5) терроризм профилактикасы, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою саласындағы мемлекеттік органдарды қаржылық, материалдық-техникалық, ақпараттық және өзге де қамтамасыз ету мәселелері бойынша терроризмге қарсы комиссияның ұсыныстарын дайындауды жүзеге асырады;

        6) қалалық және аудандық терроризмге қарсы комиссиялардың қызметін үйлестіреді, терроризм профилактикасы, терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді:

        7) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды дайындауды, проблемалардың жай-күйін, талдауын зерделейді;

        8) терроризмге қарсы комиссияның құрамына кіретін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар арасында терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара ақпарат алмасуды ұйымдастырады;

        9) терроризмге қарсы комиссияның терроризм профилактикасы саласындағы ынтымақтастық, кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру шараларын әзірлеу және келісілген жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарын дайындауды қамтамасыз етеді;

       10) облыстың әкімшілік аумағында террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбелерін әзірлеу, бекіту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындайды;

       11) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.

  1. 3-міндет: «Қостанай облысы әкімдігінің аумақтық қорғаныс бригадасының басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - аумақтық қорғаныс бригадасының басқармасы) аумақтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға өзара іс-қимыл жасауға қатысу.

Функциялары:

      1) облыстың жұмылдыру жоспарының құрамдас бөлігі ретінде аймақтың аумақтық қорғаныс жоспарын әзірлеуге қатысады;

      2) белгіленген тәртіппен аумақтық қорғаныс бригадасының басқармасымен бірлесіп, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында күзетке және қорғанысқа жататын коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесін дайындайды;

        3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұйрықтары мен әдістемелік ұсынымдарына сәйкес нормативтік құжаттарды әзірлеуге әдістемелік көмек көрсетеді.

  1. 4-міндет: Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу.

Функциялары:

         1) Азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және олардың орындалуын қамтамасыз етуге қатысады;

          2) азаматтық қорғаныстың облыстық жоспарларын әзірлеуге, облыстың жұмылдыру жоспарының құрамдас бөлігі ретінде жауынгерлік іс-қимылдар аудандарынан эвакуацияланатын халықты қабылдауға және орналастыруға қатысады;

          3) Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментімен өзара іс-қимылда жұмылдыру жарияланған, соғыс жағдайы енгізілген кезде және соғыс уақытында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың азаматтық қорғаныс жоспарларында көзделген іс-шаралар кешенін іске асырады;

         4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган өткізетін облыс аумағында командалық-штабтық оқу-жаттығуларды (жаттығуларды) өткізуге қатысады.

  1. 5-міндет: Облыс аумағында дағдарыстық жағдай туындаған кезде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен өзара іс-қимылына қатысу.

 Функциялары:

         1) дағдарыстық жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимыл жоспарына сәйкес қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша орталық атқарушы органдардың жергілікті және аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

         2) облыстық ішкі істер департаментімен бірлесіп дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде өңірлік жедел штабтың жұмысын қамтамасыз етеді;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

         1) өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, терроризм профилактикасы, оның көріністерінің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою, аумақтық және азаматтық қорғанысты ұйымдастыру саласындағы қызметін ұйымдастыруға, үйлестіруге және жетілдіруге қатысты ұсынымдар береді;

2) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс, терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларынан белгіленген тәртіппен қажетті материалдар мен ақпаратты сұрату және алады;

3) қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарында, облыстық басқармаларда жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс, терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды осы бағыттардағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлей отырып үйлестіреді;

4) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңымен белгіленген шектеулерді қабылдауға және бөлімде құпиялылық режимін сақтауға, басқа ұйымдар мен үшінші тұлғаларға құпия және құпия ақпаратты жария етуге жауапты болады;

5) қолданыстағы заңнамаға және оған сәйкес қабылданған облыс әкімі аппаратының ішкі құжаттарына сәйкес атқарушылық және еңбек тәртібін қатаң сақтайды.

  1. Бөлім қызметін ұйымдастыру

 Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

  1. Бөлімді облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығымен лауазымына тағайындалатын және босатылатын басшы жетекшілік етеді.
  2. Басшы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  3. Басшы облыс әкімі аппаратының басшысына бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  4. Осы мақсатта - басшы:

1) бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, тиісті атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;

2)бөлім жұмысын жоспарлауды жүзеге асырады;

3) облыс әкімі аппаратының басшысына бөлім қызметкерлерін көтермелеу және оларға жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;

4) облыс әкімі аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын тұлға қол қояды.

_____________________________________

Дата публикации
04 июня 2020