«Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты, 1 бірлік, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған Қостанай облысы бойынша барлық жергілікті атқарушы органдардың және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес, конкурстық комиссия ШЕШТІ:
«Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты, 1 бірлік бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурстың қорытындысы бойынша Асем Бердыбековна Ахметованы қабылдау ұсынылсын.