Қостанай облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы ереже»

 

Әкім аппараты басшысының 2019 жылғы 3 қаңтардағы

№ 2 бұйрығымен бекітілген

 

Облыс әкімі аппараты басшысының

2020 жылғы 10 ақпандағы

№ 61 бұйрығына қосымша

 

 «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы ереже

 

  1. Жалпы ереже

 

  1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз қызметінде Қазақстан

Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің мемлекеттік қызмет саласындағы актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

  1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі):
  2. Басшыдан;
  3. Екі бас инспектордан;
  4. Жеті бас маманнан;
  5. Бір жетекші маманнан тұрады.

 

  1. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті: «Қостанай

облысы әкімінің аппараты» (ММ) мемлекеттік мекемесінің, сондай-ақ орталықтандырылған түрде 14 облыстық басқарманың (бұдан әрі - Басқармалар), тізім бойынша:

«Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» (ММ) мемлекеттік мекемесінің;

«Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ;

«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ;

«Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ММ;

«Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ;

«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ;

«Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық басқармасы» ММ;

«Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ;

«Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» ММ;

«Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ;

«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ;

«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ;

«Қостанай облысы әкімдігінің жерді пайдалану және жердің қорғалуын

бақылау басқармасы» ММ;

«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ персоналды басқарудың біртұтас жүйесін қалыптастыру.

Функциялары:

1) «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

2) «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ және Басқармаларда мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

3) «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ және Басқармаларда мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;         

4) «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ және Басқармаларда кадр мониторингін және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу.

  1. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті - «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқарудың біртұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ және Басқармаларда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

2) мемлекеттік органның кадрларының кәсіби дамыу, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы                   29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына сәйкес тағылымдамаларды, даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жолымен қамтамасыз ету;

3) «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ және Басқармаларда конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне аттестаттау мен оқытуды, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде), қызметін өткеру, қызметтік тексерулер мен тоқтату рәсімдерін сақтауына, бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;

5) «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ және Басқармаларда кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру.

  1. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті – «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту.

Функциялары:

1) Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету;

2) Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органның актісімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу.

  1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

Персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.

  1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Заңға, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі):

1) оған Заңмен және осы ережемен жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ құрылымдық бөлімшелерінен, оның ішінде Басқармалардан сұратады және алады;

2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.

 

  1. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметін ұйымдастыру

 

  1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдастырушылық тұрғыда дербес, тікелей облыс әкімі аппаратының басшысына бағынады.

 

Дата публикации
03 июня 2020