Қостанай облысы әкімі
аппараты басшысының
2023 жылғы 25 қантардағы
№ 29 бұйрығымен бекітілген
Қостанай облысы әкімі аппаратының
ақпараттық технологиялар бөлімі туралы ереже
2 Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конситуциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің заңдарын, актілерін және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік-құқықтық актілерін, Облыс әкімі аппараты туралы ережені, Облыс әкімінің аппараты туралы регламентті, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады,
1) Бөлім басшысынан;
2) екі бас маманнан тұрады.
1) облыс әкімі аппаратында ақпараттық жүйелерді дамыту;
2) ақпараттандыру деңгейін арттыру және облыс әкімі аппаратының жүйесін дамыту.
1) өз өкілеттіктері шегінде мәселерді қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға қатысу, тиісті органдар мен лауазымды адамдардан олардың орындалуын талап ету;
2) лазауымдық міндеттерді атқаруға қажетті ақпарат пен материалдарды, сондай-ақ басшылықтың тапсырмаларын орындаудағы кідірістің себептері туралы түсіндірмені белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
3) қолданыстағы заңнамаға және оған сай қабылданған облыс әкімі аппаратының ішкі құжаттарына сәйкес атқарушылық және еңбек тәртібін қатаң сақтау.
1) «Апаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңның 16-бабына сәйкес Қостанай облысы Мемлекеттік органдарының интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында сүйемелдеуді және мониторингті қамтамасыз етеді;
2) облыс әкімінің аппаратында аппараттық, бағдарламалық құралдарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық қамтамасыз етудің өзге де құралдарын сатып алу және енгізу кезінде техникалық құжаттаманың даярлығын қамтамасыз етеді;
3) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарының телекоммуникациялық орталық нүктесінің техникалық жабдықтарының (серверлік және телекоммуникациялық жабдықтардың, конференц-жүйелердің, дербес телефон байланысының, Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасының байланыс қызметтерінің) үздіксіз және іркіліссіз жұмысын, облыс әкімі аппаратында аппараттық-бағдарламалық құралдарға жүйелік әкімшілендіруді және сервистік жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
4) облыс әкімі аппаратында ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес электрондық үкімет инфрақұрылымының ақпараттық жүйелерін енгізу және дамыту бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру;
5) облыстың аудандары мен қалалары сайлаушыларының тізімін жасау сапасын, әділет және Ішкі істер министрлігінің органдарымен өзара әрекеттесе отырып, «Сайлаушы» бағдарламасында облыс бойынша сайлаушылардың жиынтық тізімін жасауды бақылайды, тоқсан сайын Орталық сайлау комиссиясына облыс бойынша сайлаушылар тізімдерін ұсынады.
6) ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша облыс әкімі аппараты бөлімдерінің жұмысына ішкі мониторингті жүзеге асырады;
7) алқабиге кандидаттардың бірыңғай және қосалқы тізімін дайындауға қатысады;
8) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарын мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына (МО БКО) қосу жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
9) облыс басшылығының қатысуымен өтетін кеңестерді, оның ішінде офлайн және онлайн өткізу режимін (БКБ, ZOOM, Skype және т. б.) техникалық сүйемелдейді;
10) облыс әкімдігінің өткізетін іс-шараларына материалдар (презентациялар, баспаханалық материалдар және т.б.) дайындауға қатысады.
__________________________