Өмірбаяны

Қарсақбаев Берік Мұрзағалиұлы, 20 сәуір 1962 жылы, Қостанай облысының Қарабалық ауданы Бөрлі аулында туды.

Білімі: Қостанай автомобиль көлігі техникумы (1981 ж.), мамандығы: «Техник-механик». Рудный Индустриалды Институты (1996 ж.), мамандығы: «Инженер-құрылысшы».

1981-1983 жылдары Кеңес әскері қатарында қызмет еткен.

1983 – 1993 жылдары Қостанай облысының және Қостанай қаласының құрылыс ұйымдарында жұмыс істеді.

1993 – 2019 жылдары бөлім бастығы және коммерциялық және жеке құрылыс ұйымдарының бірінші басшысы қызметтерін атқарды.

18.11.2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін  «ЖКХ ремонт» ЖШС-нің басшысы.

Дата публикации
30 мая 2020