«Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі жергілікті қамтуды дамыту және құрылыс материалдары өндірісі бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты (№ 04-0-1) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған Қостанай облысының барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы
ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ
Облыс әкімінің аппараты 2020 жылғы 28 мамыр
сағат 16.15
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес, конкурстық комиссия ШЕШТІ:
Қостанай облысының барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурстың қорытындысы бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі жергілікті қамтуды дамыту және құрылыс материалдары өндірісі бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты (№ 04-0-1) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Салтанат Жумабековна Баекенді қабылдау ұсынылсын.