01.10.2022 ж. Қостанай облысының денсаулық сақтау органдары мен ұйымдары қызметінің қорытындылары

Қостанай облысының мемлекеттік денсаулық сақтау секторына 489 медициналық нысан кіреді (01.10.2021 ж. – 489).
Облыс тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді: 29 стационарлық ұйым (1 облыстық балалар және 1 облыстық аурухана, 7 қалалық аурухана, 1 фтизиопульмонология орталығы, 1 облыстық психикалық денсаулық орталығы, 16 аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана); 451 амбулаториялық-емханалық ұйым және МСАК объектілері (1 Жедел медициналық жәрдем станциясы, 1 орталық ЖИТС, 7 емхана, 41 дәрігерлік амбулатория, 72 фельдшерлік-акушерлік пункт, 329 медициналық пункт).
Облыстың медициналық ұйымдарының төсек қоры 4 351 кереуетті құрайды.
Төсектермен қамтамасыз ету (10 000 тұрғынға шаққанда) 50,52 құрайды.
Облыста 1 920 дәрігер (01.10.2021 ж.-1 933) және 6 169 орта медицина қызметкері (01.10.2021 ж. – 6 123) жұмыс істейді.
Облыс бойынша (10 000 тұрғынға шаққанда) қамтамасыз етуді дәрігерлер – 22,29 (01.10.2021 ж. – 22,31), орта медицина қызметкерлері – 71,63 (01.10.2021 ж. – 70,66) құрайды.
Сәбилер өлімінің көрсеткіші (1000 тірі туылғандарға, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері) өсті:
• 2021 жыл-10,9 / 91
• 2022 жыл-12,5 / 97
Ана өлімінің көрсеткіші (100 000 тірі туылғандарға, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері) төмендеді:
• 2021 жыл-35,9 / 3
• 2022 жыл-0,0 / 0
Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 33-тен 34,3-ке дейін өсті.
Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 2,1-ден 1,2-ге дейін төмендеді (алдын ала деректер).
15-49 жас тобындағы АИТВ-инфекциясының таралу көрсеткіші 0,506 құрады, 2021 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 0,471 құрады.
Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 206-дан 229,8-ге дейін өсті.
Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 59,8-ден 56,8-ге дейін төмендеді (өлім-жітім бойынша алдын ала деректер).

Дата публикации
14 ноября 2022