Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі хабарламалар тізілімдері мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды және олардың қауымдастықтарын, одақтарын және қызметі Техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеумен тікелей байланысты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қатысуы көзделген өзге де тұлғаларды хабардар етуге арналған.
Хабарламалар тізілімін СТК/СФС бойынша ақпарат орталығының мамандары ай сайын жаңартады.
Хабарламалар тізілімдерінде саудадағы техникалық кедергілер, ДСҰ санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитеттер жариялаған келесі ақпаратты алуға болады:
халықаралық саудаға елеулі әсер етуі мүмкін Техникалық реттеу және санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы бекітілген немесе әзірленетін нормативтік құқықтық актілер туралы;
Техникалық реттеу және СФС шаралар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын әзірлеу немесе күшін жою туралы;
ДСҰ-ға мүше елдердің жобаларын, стандарттарын өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу немесе олардың күшін жою туралы;
өнім мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растаудың қолданыстағы немесе әзірленетін рәсімдері туралы;
қабылданған немесе әзірленетін санитариялық немесе фитосанитариялық ережелер туралы;
ДСҰ-ға мүше елдердегі пестицидтер мен тағамдық қоспаларды бақылау және инспекциялау рәсімдері, өндіріс және карантин режимдері, рұқсат етілген деңгейін мақұлдау рәсімдері туралы;
есепке алынатын факторлардың тәуекелді растау, сондай-ақ санитарлық немесе фитосанитарлық қорғаудың тиісті деңгейін айқындау рәсімдері туралы;
Техникалық реттеу, СФС шаралар, стандарттар немесе олар туралы ақпарат саласында әзірленетін және қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жарияланатын жобаларының көздері туралы.
Игеруге Сіздің қызығушылығыңыз болған жағдайда, сіз қазақстан бойынша Ақпараттық орталық СТК/СФС мекен-жай бойынша: Астана қаласы, Орынбор көшесі 11, "Эталон орталығы" ғимараты, анықтама телефондары: 79-33-17, факс: 79-33-25. Электрондық мекен-жайы: enquirypoint@mail.ru