Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының көрсеткішіне қол жеткізу нәтижелері бойынша түсіндірмелер
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жоспарына сәйкес 1.3. Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету міндеті көзделген.
Осы міндетті іске асыру шеңберінде «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы санындағы осы санаттағы балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің үлесі» көрсеткіші (бұдан әрі – көрсеткіш) қарастырылған. Көрсеткішке қол жеткізу жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиеге беру, асырап алу мен баланы қабылдайтын отбасыға орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
2020 жылы облыстық көрсеткіш 18% құраған, 21,1%-ға қол жеткізілді.
Жоғары пайыз көрсеткішіне қол жеткізбеудің себебі өз отбасына жетім баланы қабылдауға ниет білдірген кандидаттардың Бала қабылдайтын ата-аналар мектебінің курсынан өту туралы сертификатының болу қажеттілігіне байланысты балаларды баламалы нысандарға беру мүмкіндігінің жоқтығы (2020 жылғы 01 шілдеден бастап заңнамаға енгізілді). Кандидаттарды оқытуды «Ана үйі» ҚҚ жүргізеді.
Екінші фактор – коронавирус инфекциясы салдарынан қабылданған карантин шараларына байланысты жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерімен танысу және кездесулер ұйымдастыру үшін кандидаттарда мүмкіндіктің болмауы.
2021 жыл ішінде «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы санындағы осы санаттағы балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің үлесі» көрсеткішіне қол жеткізу пайызы 19,1% құраған (жоспар - 17%)
Көрсеткішке қол жеткізуді жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасына қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиелеуге, асырап алуға және баланы қабылдайтын отбасына орналастыру арқылы жүзеге асыру жоспарланған.