Қостанай облысының балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес балық өнімдерін өндіру мен сатуды кеңейту, сондай-ақ осы негізде балық шаруашылығы су айдындарында кәсіптік балық аулау көлемін 2 985 тоннаға дейін ұлғайту жолымен ішкі нарықта импорттық өнімді отандық өндіріс өнімдерімен қарқынды алмастыруды қамтамасыз ету, 2030 жылға қарай тауарлық балық өсіру 10 241,8 тоннаға дейін жоспарланған.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта "УЗВ-да балықтың сиг тұқымдарының уылдырығын инкубациялау және форель өсіру бойынша кәсіпорын ашу", сондай-ақ "Ұзынкөл ауданының Абай ауылында балық өсіру және өңдеу бойынша кәсіпорын ашу"жобалары бойынша жұмыстар жүргізілуде.