|
№ р/с |
Экологиялық проблема |
Сипаттамасы |
Қабылданған шаралар мен шешу жолдары |
|
Қостанай облысы |
|||
|
1 |
Облыстың елді мекендеріне ТҚҚ орналастыру проблемасы (ТҚҚ тиімсіз басқару)
|
Қостанай облысының барлық елді мекендерінде коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесі осы қызмет түріне қойылатын заманауи талаптарға толық сәйкес келмейді. Осыған байланысты ТҚҚ қоршаған ортаны ластау қаупі бар
|
Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің мәліметтері бойынша, полигондар мен ауылдық қоқыстарда орналасқан жыл сайын 250 мың тоннаға жуық ТҚҚ түзіледі. Облыс аумағында 264 қалдық орналастыру объектілері (ТҚҚ полигондары мен ауылдық қоқыс орындары) бар, олардың экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкестік үлесі 50% құрайды. Қалдықтарды тиімді басқару мақсатында қалдықтарды басқару бойынша Жол картасының іс-шаралары іске асырылуда. Жол картасы шеңберінде қалалар мен аудандардың әкімдіктері ҚТҚ полигондарының иелерімен бірлесіп ҚТҚ полигондарын жайластыру (шлагбаум, құрғату орын, опырылым, қоршау, өлшеу аспаптарын орнату) және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттарды ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, қалдықтарды орналастыру объектілерін оңтайландыру және ірілендіру жөніндегі іс-шаралар іске асырылуда, бұл ретте елді мекендердің тұрғындары үшін қалдықтарды жинауды, әкетуді ұйымдастыруда жеке және заңды тұлғалардың қызметтер көрсетуі жөніндегі шаралар көзделеді. Анықтама: 2019-2020 жылдар кезеңінде қалалар мен аудандардың әкімдіктері 40 ҚТҚ полигонын оңтайландырды (Қамысты ауданы - 12, Қостанай ауданы - 11, Денисов ауданы - 9, Ұзынкөл ауданы - 7, Жітіқара ауданы - 3), нәтижесінде қалдықтарды орналастыру объектілерінің саны 306-дан 264-ке дейін азайды. 2020 жыл есепті кезеңінде ҚТҚ кәдеге жарату және қайта өңдеу үлесі 11,9%, 2021 жығы 1-ші тоқсан қорытындысы бойынша-10,49% құрады. Қазіргі уақытта қағаз, пластик, шыны, алюминий қалдықтарын бөлек жинау жүйесі облыстың 20 елді мекенінде (Қостанай, Рудный, Жітіқара, Арқалық, Тобыл қалалары, Заречное ауылы, Қостанай ауданының Мичурино ауылы, Денисовка ауылы, Перелески ауылы, Денисов ауданының Аршалы ауылы, Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылы, Алтынсарин ауданының Щербаков ауылы, Қарабалық ауданының Қарабалық кенті, Сарыкөл ауданының Сарыкөл ауылы, Жангелдин ауданы Торғай ауылы, Науырзым ауданы Қарамеңді ауылы, Меңдіқара ауданының Боровское ауылы, Первомайское ауылы, Б. Майлин ауданының Айет ауылы) жүзеге асырылады. Облыс аумағында орнатылған арнайы контейнерлердің жалпы саны (торлы, экобактар) 1900 бірлікті құрайды. Қайталама шикізатты қабылдаудың 4 пункті бар (Қостанай қ., Тобыл қ., Денисовка а., Ұзынкөл а.). Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүйесі жұмыс істейді, Облыс аумағында құрамында сынабы бар пайдаланылған шамдар (ҚСШ) және химиялық қоректендіру көздері үшін 145 мамандандырылған контейнерлер бар, сондай-ақ Қостанай қаласында электрондық және электр жабдығының қалдықтарын жинауға арналған 10 мамандандырылған контейнерлер (қ/б компьютерлік техника, огр) орнатылған. Қалдықтарды сұрыптау Амангелді, Әулиекөл, Жітіқара, Қарасу, Меңдіқара, Федоров атындағы 26 елді мекенде және Қостанай, Рудный, Лисаковск қалаларында жүзеге асырылады. Сұрыптау процесі ҚТҚ полигондарында және қоқыс тиеу алаңдарында жүзеге асырылады. Облыста 3 қоқыс сұрыптау желісі (Қостанай қ. «Атамекен 4+» ЖШС, Лисаков қ. «Салем KZ» ЖШС, Қостанай ауданы "Экопром" ЖШС), сондай-ақ қалдықтарды қолмен сұрыптау жұмыс істейді. Облыс аумағында қайталама шикізатты қайта өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыратын 8 кәсіпорын жұмыс істейді. Мысалы, қағаз, пластик, резеңке, темір, күл-шлак қалдықтарынан келесі кәсіпорындар дайын өнім шығарады: «Атамекен 4 плюс» ЖШС - полимерпесшанды плитка (пилоттық жоба), «Фабрика нетканых материалов S.M.F system» ЖШС-полиэфир талшығы, полиэтилен, геотекстиль, геокомпозит, геокаркастар, газ және су полиэтиленді құбырлар «Картонно-бумажный комбинат 2015» ЖШС - жұмыртқа науалары, «Тазалық 2012» ЖШС-люктер тексеру құдықтары, Еділ и компания» ЖШС - резеңке үгіндісі, газ, пиролез майы, «Қарасу-тазалық 2018» ЖШС, «Дастан» ЖК, «Насыров» ЖК - шлак блоктары. Басқарма тұрақты негізде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ геопортал арқылы (Қостанай қаласынан 50 км және Лисаков қаласынан 40 км радиуста) стихиялық қоқыс тастайтын жерлердің орналасу орындарына мониторингті жүзеге асырады. Жүйелі мониторинг жүргізу және полигондарды жою бойынша шұғыл шаралар қабылдау мақсатында қалалар мен аудандар әкімдіктерінің геопорталға қолжетімділігі мәселесі пысықталды. Ағымдағы жылғы 20 мамырда 538 ластанған учаске анықталды, оның ішінде 447 жойылды, 6 учаске қоқыс тастайтын жер ретінде (ҚТҚ ресми полигондары) расталмады, 85 учаске бойынша оларды жою жұмыстары жүргізілуде. |
|
2 |
Лисаковск, Рудный, Жітіқара, Арқалық қалаларындағы қолданыстағы кәріздік тазарту құрылыстарының (КТҚ) тиімсіз жұмысы |
КТҚ 70-ші жылдары салынған және оларды күрделі жөндеуден өткізуге және жаңғыртуға жеткілікті қаржы құралдары жоқ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың балансында тұр. Тозудың жоғары болуына байланысты жыл сайын КТҚ жұмысының тиімділігі төмендейді. Сонымен, КТҚ тозуы Рудный қ. 67,4%, Лисаковск қ. 34%, Жітіқара қ. 70,1% және Арқалық қ. 100% құрайды. |
«Энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ мәліметі бойынша 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2021 жылы су бұру бойынша 9 жобаны іске асыру жоспарланған, оған 1 998,2 млн. теңге бюджет қаражаты бөлінді, оның ішінде: - Қостанай қаласы мен Рудный қаласында кәріз коллекторларын реконструкциялау және салу бойынша 4 жоба республикалық және жергілікті бюджеттерден 1 313,9 млн. теңге бөлінді («Қостанай қ. Арыстанбеков көшесінен Гашек көшесіне дейін В. Интернационалистов к-сі бойынша өздігінен ағатын коллекторды қайта жаңарту», «Қостанай қаласы Шипин көшесіндегі КСС-5 дейін өздігінен ағатын коллекторды реконструкциялау», «Рудный қаласында кәріз коллекторының құрылысы», «Қостанай қаласы Пушкин көшесі - Шипин көшесі шекарасындағы Набережная көшесі бойындағы өздігінен ағатын кәріз коллекторын реконструкциялау»), олардың 1 жобасы (Рудный қ. кәріз коллекторының құрылысы) 2022 жылға ауыспалы; - Қостанай қаласында кәріздік сорғы станцияларын қайта жаңарту бойынша 4 жобаға жергілікті бюджеттен 625,2 млн. теңге бөлінді (БКСС, КСС №1, №2, №5а); - Лисаков қ. №13 және №13а шағын аудандар үшін дренаж жүйесін орнату бойынша 1 жоба, жергілікті бюджеттен 59,1 млн. теңге бөлінді. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Н. Назарбаевтың КТҚ жаңғырту мәселелерін пысықтауға, оның ішінде жеке инвестициялар тарту арқылы пысықтауға қатысты Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындылары бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатында ИИДМ Қазақстанның 53 қаласында КТҚ салу және реконструкциялау жөніндегі мәселені пысықтауда. Көрсетілген жобаларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі халықаралық қаржы ұйымдарының (бұдан әрі - ХҚҰ) қарыздарын тарту есебінен құрылыстың және реконструкциялаудың Бірыңғай жобасы шеңберінде КТҚ-ны іске асыру тәсілін мақұлдады. Қостанай облысы бойынша бұл жобаға Қостанай, Лисаков, Жітіқара және Арқалық қалалары кірді. Бүгінгі күні «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ ақпараты бойынша короновирус пандемиясына байланысты қаржыландырудың болмауына байланысты Қостанай, Лисаков, Жітіқара және Арқалық қалаларының кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңарту және салу бойынша Бірыңғай ТЭН әзірлеу тоқтатылды. Құны техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттама әзірленгеннен кейін айқындалатын болады. Сонымен қатар, Арқалық қаласының әкімдігі «Арқалық қаласындағы кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңарту» жобасы бойынша жобалық-сметалық құны 1,725 млрд.теңгені құрайтын ЖСҚ әзірледі. 2021 жылы сараптама жүргізу туралы мәселе шешілуде. |
|
3
|
Облыс орталығында биологиялық тазарту станциясының (БТС) болмауы, Қостанай қ.
|
Қостанай қаласындағы кәріздік-тазарту құрылыстары жер тұндырғыштар түрінде ұсынылған, олар кезек-кезек жұмыс жасайтын дамбалармен қоршалған үш параллельді карталардан тұрады. Жалпы алаңы 107,6 мың м2. Пайдалану 1966 жылдан басталды. Ағын суларды тазартудың қолданылатын технологиясы заманауи талаптарға сәйкес келмейді, тазарту тек механикалық қоспалар бойынша жүргізіледі. Өлшенген заттар бойынша тазарту тиімділігі 20% аспайды. Жыл сайынғы тастау көлемі шамамен 13 млн. м3 |
|
|
4 |
Қостанай қ. шегінде Тобыл өзенінің су қорғау зонасындағы бұрынғы мыс-аммиак өндіріс зауытының ағыны жинақтауышының орналасуы |
Мыс-аммиак өндіретін зауыт 80-ші жылдары жұмысын тоқтатты. Жинақтауыш орналасқан орында ШРК-нің мыс бойынша артуы анықталуда. |
2010 жылдан бастап Қостанай облысы бойынша Экология департаменті жинақтауыш карталарының орналасқан жеріндегі мыс құрамына және олардың Тобыл өзеніне әсеріне мемлекеттік мониторингті тұрақты жүргізіп келеді. Соңғы төрт жыл ішінде алынған сынамалардың нәтижелері бойынша, Тобыл өзенінің сапасына MAӨ әсері байқалмайды. Мониторинг бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Ауыр металдар бойынша фондық құрамы жоғары, соның ішінде мыс бойынша жоғары ШРК Тобыл өзенінің бойында байқалады және табиғи сипаты бар. Мониторинг нәтижелері бойынша теріс әсер анықталған жағдайда, ластануды жою бойынша іс-шаралар әзірленетін болады. |