Қазақстан Республикасының Президенті 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында алдағы 5 жылға орман қорына 2 миллиард ағаш отырғызуды тапсырды.
Экология, геология және табиғи ресурстар вице – министрі Е. Н.Нысанбаевтың төрағалығымен өткен ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру мәселесі бойынша кеңес нәтижелері бойынша Қостанай облысы үшін 2021-2025 жылдарға жалпы өндіріс көлемі 28762,5 га жеткізілді немесе 160,61 млн. ағаш отырғызылды. Осыған байланысты Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов бекіткен Қостанай облысында ормандарды молықтыру мен орман өсірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары әзірленді.
Облыстағы негізгі тұқымдар-қарағай, қайың. Мәселен, 2021 жылдың көктемінде орман шаруашылығы мекемелері 682,1 га (жоспар 677 га) алқапта орман дақылдарын отырғызып, 4072,1 мың дана ағаш (жоспар - 3981,6 мың дана) отырғызды.