2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қостанай облысындағы демографиялық жағдай және оның этникалық құрамы туралы ақпарат

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қостанай облысындағы демографиялық жағдай және оның этникалық құрамы туралы  ақпарат

 

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқының саны 864 550 адамды құрады немесе республикалық көрсеткіштен 4,6%  (ҚР – 18, 8 мын. адам). Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда халық саны  3 999 адамға немесе 0,5%-ке қысқарды (өткен онжылдықта төмендеу 17 106 адамды құрады немесе 2,0%).

Біздің облысымызда қалалық халқының саны басым - 58,4% (504 909 адам).

Облыс орталығында халықтың ең көп саны – 251 825 адам (29,1%),  ең аз саны – Науырзым ауданында 10 123 адам (1,2%).

Облыс аумағында 100-ден астам ұлт пен ұлыстар тұрады. Халықтың негізгі үлесін қазақтар құрап отыр – 41,5%, орыстар – 40,6%, украиндар – 7,9%, немістер – 3,1%, татарлар – 1,8%, белорустар – 1,4 %, басқа ұлттар – 3,7%.

Халықтың тығыздығы – бір шаршы километрге 4,4 адам. Қостанай, Рудный және Лисаков қалалары тығыз қоныстанған, ең аз – облыстың оңтүстік аудандары, олардың тығыздығы бір шаршы километрге 0,4-тен 0,8 адамды құрайды.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қостанай облысындағы демографиялық жағдай және оның этникалық құрамы туралы ақпарат
Дата публикации
10 августа 2021