"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есеп

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыру жөніндегі ақпарат.

Қостанай облысы бойынша барлық жалпы білім беретін мектептер (455 мектеп немесе 100%) кең жолақты Интернетке қосылған, оның ішінде ауыл мектептерінің 336 немесе 91,5% интернет желісінің жылдамдығы 8мбит/сек және одан жоғары, ал қала мектептерінің 77 немесе 87,5% интернет желісінің жылдамдығы 20 Мбит/сек және одан жоғары.

Оқушыларды интернетке қол жеткізумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін жылына 18,5 млн.теңге сомасына 2898 бірлік модемдер мен Wi-Fi роутерлер сатып алынды.      Ағымдағы жылы барлық 34 Мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.

2020 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5765 компьютерлік техника жиынтығы сатып алынды, сондай-ақ Үкімет резервінің қаражаты есебінен 15 мыңнан астам (15 222) компьютерлік техника сатып алынды (компьютер жиынтықта – 1584, Ноутбуктер – 11586, планшеттер – 2052). Бұл көрсеткіш 1 компьютерге оқушылардың 7-ден 4-ке дейін төмендеуіне мүмкіндік берді.

2018 жылдан бастап облыста 76 IT-сынып, 36 робототехника кабинеті және 17 STEAM зертхана ашылды. Бұдан бөлек, 2022 жылы жан басына қаржыландыру есебінен облыс мектептері оқушыларының шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау мақсатында 2 STEM зертхана (Рудный қ.және Жітіқара қ.) ашылды.

Дата публикации
04 октября 2022