«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Әкімдіктің
2017 жылғы 6 маусымдағы
№ 286 қаулысымен
1) «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қостанай облысы мемлекеттік мекемелерінің шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Қостанай облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3) Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) «Қостанай облысы әкімдігінің аумақтық қорғаныс бригадасы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Егер «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде облыс әкімінің және әкімдігінің өкілеттігін іске асыруды қамтамасыз ету;
2) тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге жәрдем көрсету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттер.
1) облыстағы ішкі саяси және экономикалық ахуалды зерделеу және талдау, оның дамуын болжау, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың жұмысын талдау, облыс әкіміне және әкімдік мүшелеріне олар сұратқан мәселелер бойынша ақпарат дайындау;
2) облыс әкімінің және әкімдігінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
3) облыс әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
4) облыс, қалалар, аудандар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдері аппараттарының құрылымдық бөлімшелеріндегі орындаушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жүргізу және облыс әкімін хабардар ету;
5) облыс әкімінің және әкімдік мүшелерінің тапсырмасы бойынша соттарда облыс әкімінің және әкімдігінің мүдделерін білдіру және қорғау, прокурорлық ден қою актілерін қарау;
6) облыс әкімдігінің отырыстарын, облыс әкімі мен оның орынбасарларының кеңестерін, семинарлар мен өзге де іс-шараларды дайындауды және өткізуді жоспарлау және ұйымдастыру, кеңестердің материалдары мен хаттамаларын ресімдеуді және таратуды жүзеге асыру;
7) облыс әкімі мен әкімдігінің орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдарының, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, облыстық атқарушы органдардың, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерінің орындауын бақылауды жүзеге асыру;
9) нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес облыс әкімінің және әкімдігінің іс қағаздарын, оның ішінде құпия іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу;
10) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған жұмысты ұйымдастыру;
11) облыс әкімінің, әкімдік мүшелерінің тапсырмасы бойынша құзыреті шегінде тексеру жүргізу, қажет болған жағдайда тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша түсініктемелерін тыңдау және жазбаша түсініктемелерін талап ету;
12) «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын даярлауды және қайта даярлауды үйлестіру;
13) «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
14) ақпараттандыру деңгейін арттыру және «электрондық әкімдік» жүйелерін дамыту бойынша жұмыс жүргізу;
15) мемлекеттік наградалармен, облыс әкімінің грамоталарымен марапаттауға ұсыну үшін құжаттарды дайындауды ұйымдастыру;
16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды қамтамасыз ету, облыс әкімінің және әкімдік мүшелерінің жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын өткізуді ұйымдастыру;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру;
18) осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген ведомстволарды басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
19) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;
20) Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнама шеңберінде сайлауды өткізу мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру дайындығын және өткізуді жүзеге асыру;
21) облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдауды жүзеге асыру, стратегиялық жоспарлау, перспективалық даму бағыттарын болжау және әзірлеу;
22) заңнамада көзделген құзыреті шегінде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі, азаматтық қорғаныс жөніндегі, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі, терроризмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, терроризмге қарсы комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруда облыстың жергілікті атқарушы органдарына практикалық көмек көрсету;
23) облыстық әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жиын) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету және күтіп-ұстау, медициналық комиссиялар құру;
24) нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктердің азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша жұмысын үйлестіру;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) Қостанай облысы мемлекеттік мекемелерінің қызметтік ғимараттарын пайдалануды, күтіп-ұстауды, көліктік және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
2) білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру үшін жергілікті, аумақтық басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және өткізу;
3) Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының ұйымдастырушылық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру;
4) жұмылдыру жарияланған, соғыс жағдайы енгізілген және соғыс уақытында облыстың әкімшілік аумағында аумақтық қорғаныс жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру.
1) облыс әкімінің және әкімдігінің мүдделерін білдіру;
2) өз құзыреті шегінде облыс әкімі мен әкімдігінің құзыреті мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу;
3) облыс аумағында орналасқан ұйымдардың басшыларына өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті тапсырмалар беру;
4) тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
7) Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.
1) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін атынан өкілдік етеді;
2) «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
3) «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені, құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстарды әзірлейді және оларды әкімдіктің отырысына бекіту үшін енгізеді, еңбекақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерге материалдық көтермелеу (сыйақылар) белгілейді;
4) ішкі еңбек тәртібін белгілейді, құрылымдық бөлімшелердің қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады, олар туралы ережелерді бекітеді, «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мамандары мен техникалық қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
6) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді;
7) «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әкімге қол қоюға ұсынады;
9) әкімдіктің қабылдаған қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;
10) мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға және еңбек заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты бақылайды;
11) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
12) қызметкерлерді іссапарларға жібереді;
13) азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
14) қажет болған жағдайда нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтарын құрады;
15) өз құзыреті шегінде қаржы құжаттарына қол қояды;
16) әкім жүктеген өзге де функцияларды орындайды.
«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.