2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыста 59 526 шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі - ШОК) субъектілері әрекет етеді, бұл 2024 жылдың деңгейіне 88,9% құрайды (2025 ж. 1 мамыр – 66 979 бір.), оның ішінде 9 460 – шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар, 130 – орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар, 44 060 жеке кәсіпкерлер және 5 876 – шаруа қожалықтары.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны 177 992 адамды құрайды (2024 ж. қорытындысы –166 179 адам), оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда 56 360 адам, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда – 25 087 адам, жеке кәсіпкерлікте – 79 941 адам, шаруа қожалықтарында – 10 604 адам жұмыспен қамтылған (статистикалық деректер есепті кезеңнен кейінгі тоқсанға кешіктіріліп, тоқсандық негізде қалыптастырылады).
ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы 30,2%-ға ұлғайып, 3 222 226 млн. теңгені құрады (2024 жыл қорытындысы бойынша – 2 347 469 млн. теңге), оның ішінде шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары 1 245 121 млн. теңге сомасына өнім шығарды, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 730 558 млн. теңге, жеке кәсіпкерлер – 958 719 млн. теңге, шаруа қожалықтары – 287 828 млн. теңге. Бұл ретте өнім шығарудың НКИ 14,7% пайыздық тармаққа ұлғайып 124,3% құрады (2024 жылдың қорытындысы бойынша – 100,9%), өнім шығарудың жалпы қосылған құны 24,4% ұлғайып 1 828 784,4 млн. теңгені құрады (2024 жылдың қорытындысы бойынша – 1 469 887,2 млн теңге). ЖӨӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,9% құрайды (2024 жылдың қорытындысы бойынша – 29,2%, өсу – 1,7%) (статистикалық деректер есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанға кешігіп тоқсандық негізде қалыптастырылады).