2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқының саны 821 473 адамды құрады немесе республикалық көрсеткіштің 4,0%-і (ҚР – 20,5 мың адам). Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда халық саны 4 096 адамға немесе 0,5%-ке қысқарды (өткен онжылдықта 62,3 мың адамға немесе 7,1%-ке төмендеді).
Облысымызда қала халқының саны басым келеді – 63,8% (524 371 адам).
Халықтың ең көп саны облыс орталығында – 277 064 адам (33,7%), ең аз саны – Науырзым ауданында 8 085 адам (1,0%) шоғырланған.
Облыс аумағында 100-ден астам ұлт пен ұлыстар тұрады. Халықтың негізгі үлесін қазақтар құрап отыр – 44,5%, орыстар – 33,5%, украиндар – 10,2%, немістер – 3,7%, белорустар – 1,9%, татарлар – 1,7%, басқа ұлттар – 4,5%.
Халықтың тығыздығы – бір шаршы километрге 4,2 адам. Қостанай, Рудный және Лисаков қалалары тығыз қоныстандырылған, ал облыстың оңтүстік аудандарында халық аз орналасқан, олардың тығыздығы бір шаршы километрге 0,3-тен 2,4 адамды құрайды.