Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
b.narymbetov@kostanay.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы
Қостанай облысы әкімінің орынбасары
Общая информация, образование

Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы, 1986 жылы 4 тамызда Орал қаласы дүниеге келген, жоғары білімі бар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «саясаттану» мамандығы бойынша бітірген, әлеуметтік ғалымдар магистрі.

Карьера

02.04.2007

10.10.2007

 

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» жекеменшік мекемесі Алматы қалалық бөлімшесінің менеджері, Алматы қаласы

 

10.10.2007

29.01.2009

 

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» жекеменшік мекемесі Алматы қалалық бөлімшесінің басшысы, Алматы қаласы

 

02.02.2009

28.01.2010

 

«Нұр Отан» халық демократиялық партиясының жанындағы «Жас Отан» ҚБ ЖҚ Алматы қалалық бөлімшесінің атқарушы хатшысы, Алматы қаласы

 

01.02.2010

01.04.2013

 

Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ҚБ ЖҚ атқарушы секретариатының ұйымдастырушылық жұмыстары бөлімінің сарапшысы, Астана қаласы

 

01.04.2013

01.07.2013

 

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ҚБ ЖҚ атқарушы секретариатының ақпарат және коммуникациялық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласы

 

29.07.2013

10.11.2013

 

Орал қаласы әкімі аппаратының ақпараттық-талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас инспекторы, Орал қаласы

 

11.11.2013

19.11.2014

 

Орал қаласы әкімі аппаратының ақпараттық-талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы, Орал қаласы

 

20.11.2014

21.04.2016

 

Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Орал қаласы

 

22.04.2016

16.10.2016

 

Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстары бөлімінің бас инспекторы, Орал қаласы

 

17.10.2016

13.01.2017

 

Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты стратегиялық даму бөлімінің басшысы, Орал қаласы

 

16.01.2017

28.03.2018

 

Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы, Орал қаласы

 

29.03.2018

09.08.2018

 

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары, Астана қаласы

 

10.08.2018

18.01.2019

 

ҚР Қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары, Астана қаласы

 

21.01.2019

08.03.2021

 

Орал қаласы әкімінің орынбасары (негізгі қызметкердің ұзақ мерзімді оқу демалысы кезеңіне), Орал қаласы

 

09.03.2021

28.04.2025

 

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Орал қаласы

 

29.04.2025

қ/у

 

Облыс әкімінің орынбасары, Қостанай қаласы

 

 

1. Қамтамасыз етеді:

 - Қостанай облысының аумағында ішкі саясат (қоғамдық даму), мәдениет, ақпарат, білім, ғылым, спорт, жастар саясаты, дін, тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік саясатты және өңірлік бағдарламалардың уақтылы, сапалы және толық орындалуын;

- Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының актілері мен тапсырмаларын, Қостанай облысы әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын уақтылы, сапалы және толық орындалуын;

- Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен және олардың аумақтық бөлімшелерімен, өзге де мемлекеттік органдармен және мекемелермен өзара іс-қимыл жасауды;

- жетекшілік ететін бағыттар бойынша заңдардың, Үкімет қаулыларының, Премьер-Министр өкімдерінің, Президент актілерінің, апелляциялық, кассациялық, жеке шағымдардың жобаларын келісуді.

  1. Ұйымдастырады:

- қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, азаматтық қоғам институттарын, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және дамыту,  ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды;

- мәдениет саласында сапалы қызмет көрсету бойынша жұмыс;

- ғылым, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті, қосымша білім беру салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыстарды;

- дене шынықтыру мен спортты дамыту, халықты дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға тарту жөніндегі жұмыстарды;

 - жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту, жастардың қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарды;

- азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын және діни бірлестіктердің, рухани білім беру ұйымдарының, миссионерлердің қызметін іске асыру саласында болып жатқан процестерді зерделеу жөніндегі жұмыстарды;

- мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту, толерантты тілдік орта құру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыстарды.

  1. Үйлестіреді:

 - ішкі саясат (қоғамдық даму), мәдениет, ақпарат, білім, ғылым, спорт, жастар саясаты, дін, тілдерді дамыту салаларында бағдарламалар мен кешенді іс-шараларды жүзеге асыру бойынша аумақтық органдардың өзара іс-қимылын;

- жүктелген өкілеттіктер шеңберінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарымен, кәсіпкерлік субъектілерімен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен, қорлармен, сондай-ақ басқа да кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасауды.

  1. Басшылықты жүзеге асырады:

- Қазақстан халқы Ассамблеясы Қостанай облысының хатшылығына;

- ішкі саясат (қоғамдық даму), мәдениет, ақпарат, білім, ғылым, спорт, жастар саясаты, дін, тілдерді дамыту бағыттары бойынша жұмысты жүзеге асыратын әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне;

- облыстық әскерге шақыру комиссиясының жұмысына жетекшілік етеді.

5. Аумақтық консультативтік және үйлестіру кеңестерін, комиссияларды (жүктелген өкілеттіктер шеңберінде) басқарады

 

Социальные медиа

Қостанай Облысының Әкімшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы