Елдегі барлық көппәтерлі тұрғын үйлер бір бірыңғай тізілімге енгізіледі. Онда үйдің мекенжайы, қабат саны, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың саны, үйдің техникалық жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары туралы мәліметтер көрсетіледі. Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды орындау мақсатында, сондай-ақ «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында және күрделі жөндеу мен техникалық тексеру бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жоспарлау үшін жүргізіледі.
Түгендеу «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 2-бабында белгіленген көппәтерлі тұрғын үй анықтамасына сәйкес келетін барлық ғимараттарды қамтиды. Яғни, бұл — кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және екі немесе одан да көп пәтерден немесе тұрғын емес үй-жайдан тұратын жеке тұрған ғимарат. Үйлердің қабат санына, меншік иелерінің санына, тіркелген кондоминиум объектісінің болуына және басқару нысанының таңдалуына қарамастан, барлығы есепке алынады. Оның ішінде ауылдық елді мекендердегі екі және төрт пәтерлі үйлер, сондай-ақ басқару нысаны әлі анықталмаған үйлер де қамтылады.
Әр үйдің тізілімде бірыңғай кілті — мекенжайдың тіркеу коды (МТК) болады. Осы код арқылы үйге басқа ақпарат көздеріндегі мәліметтер тіркеледі: ғимараттың техникалық сипаттамалары, сандық және сапалық көрсеткіштері, үй-жайлар туралы деректер, басқару нысаны мен лифтілердің жай-күйі туралы мәліметтер, инженерлік желілерге қосылуы және есепке алу аспаптары жөніндегі ақпарат.
Мәліметтерді беру тәртібі тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, орталықтандырылған жинау және сақтау қағидаларында белгіленген. Аталған қағидаларда деректерді беруге міндетті ұйымдардың тізбесі де айқындалған. Оларға жергілікті атқарушы органдар, табиғи монополиялар субъектілері, мүлік иелерінің бірлестіктері, мүлік иелерінің кооперативтері және басқарудың өзге де субъектілері жатады.
Түгендеу барысында меншік иелерінің дербес деректері — тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі, құқық белгілейтін құжаттар және берешек туралы мәліметтер жиналмайды.
Тізілім не береді? Күрделі жөндеу және лифтілерді ауыстыру қажет үйлердің нақты тізімін жасауға, үйлердің есепке алу аспаптарымен нақты жабдықталу деңгейін анықтауға, сондай-ақ өңірлердің инженерлік желілерді жаңғыртуға деген қажеттілігін орташа есептелген көрсеткіштерге емес, нақты деректерге сүйене отырып есептеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар коммуналдық төлемдер бойынша түбіртектердегі есептеулердің дұрыстығын арттырып, КСК, ОСИ және басқарушы компаниялар тарапынан жұмысты ұйымдастыру мен атқарушылық құжаттаманы жүргізу тәртібін жақсартуға мүмкіндік береді.
Мәліметтерді жинауды облыстардың әкімдіктері аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй инспекциялары арқылы ұйымдастырады. Хабарламалар мен жұмыс нысандары мүлік иелерінің бірлестіктеріне, тікелей бірлесіп басқару нысанындағы үйлердің өкілдеріне, басқару субъектілеріне және коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге жолданады.
Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы 23 тамыз күні өтеді. Қостанай облысының тұрғындары өздерінің сайлау учаскесін онлайн біле алады.
Сайлау учаскесі туралы мәліметті нақты уақыт режимінде келесі тәсілдер арқылы білуге болады:
Азаматты белгілі бір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізудің негізі оның сол сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелуі болып саналады.
Қостанай облысының Сall-орталықтарының нөмірлері:

Федоров ауданы әкімдігінің "Су құбыры" МКК өз тұтынушыларына 2026 жылғы 01 тамыздан бастап магистральдық құбырлар мен тарату желілері бойынша су беру қызметтеріне, сондай-ақ комитет департаментінің бұйрықтарына сәйкес магистральдық құбырлар мен тарату желілері (Банновка, Чеховка, Чистый Чандак ауылдары) бойынша су беру қызметтеріне тарифтер енгізілетіні туралы хабарлайды Қостанай облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу бойынша ҚР ҰЭМ 2026 жылғы 16 шілдедегі № 112-НҚ, сондай-ақ 2026 жылғы 16 шілдедегі № 113-НҚ сәйкесінше:
Формалды негіздер бойынша бас тартуға жол берілмейтін мемлекеттік қызметтер: Қазақстан заңнаманы жетілдіруде
2026 жылғы 19 мамырда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға қол қойды.
Реформаның негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін жетілдіру және мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының сервистік моделіне көшу болды. Алғаш рет заңнамалық деңгейде «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидатына негізделген мемлекеттік қызметшілердің клиентке бағдарланған мінез-құлық моделі бекітілді.
Заңмен мемлекеттік қызмет көрсетуден формалды негіздер бойынша бас тартуға жол бермеу қағидаты енгізілді. Егер өтініште қателер болса немесе құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаса, қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың орнына анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім беріледі.
Сонымен қатар, қызмет алушы ұғымының аясы кеңейтілді. Енді құқықтарды қорғау тек өтініш берген азаматтарға ғана емес, мемлекеттік қызметті алуға ниет білдірген тұлғаларға да қолданылады. Осындай жағдайлар үшін техникалық ақаулар туындаған кезде өтінішті қайта тапсырмай-ақ мемлекеттік қызметті алу құқығын сақтауға мүмкіндік беретін «Цифрлық күту парағы» енгізіледі.
Тағы бір жаңашылдық – «көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші» ұғымының енгізілуі. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын барлық субъектілердің жауапкершілігін айқындауға және әрбір кезеңде белгіленген мерзімдердің сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, заңнамада мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда бас тартудың барлық негіздерін бір мезгілде көрсету, сондай-ақ жаңа мемлекеттік қызметтер енгізілген күннен бастап үш айдан кешіктірмей оларды көрсету қағидаларын бекіту міндеті белгіленді.
Жаңа заңнамалық нормалар мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және қызмет алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.
Өзгерістердің басым бөлігі 2026 жылғы шілде айынан бастап күшіне енеді.