Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар көлік құралдарына салық төлеушілер болып табылады.

Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар көлік құралдарына салық төлеушілер болып табылады.

Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар көлік құралдарына салық төлеушілер болып табылады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында www.kgd.gov.kz сервис (жол: Электрондық сервистер – "Экспресс көмек" – "Электрондық сервистер" – "калькуляторлар" – "көлік құралдарына салықты есептеу") іске асырылды, ол салық төлеушінің ЖСН бойынша көлік құралдарына салынатын салық сомасын онлайн-режимде алуға мүмкіндік береді. Дәл осы сілтеме арқылы азаматтар көлік салығының сомасын біле алады.

Салық сомасын "E-Salyq Azamat" мобильді қосымшасында да есептеуге болады.

Жеке тұлғаларға дайын деректемелер бойынша бір мезгілде төлем жүргізу мүмкіндігімен алдағы салық сомасын оны төлеу мерзімі басталғанға дейін білуге мүмкіндік берілген.

Жеке тұлғалар салықтарды басқа тәсілдермен де төлей алады: Екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақша қаражатымен, банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталарының көмегімен.

2021 жылға көлік салығын төлеу мерзімі – 2022 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей. Салықты тұрғылықты жері бойынша төлеу керек.

Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлікке меншік құқығы жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу жүргізілгеннен кейін туындайды. Осы сәттен бастап жеке тұлға мүлік салығын төлеуші болып саналады. Салықты төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін.