Меню

Страницы

Статья

Федоров ауданының 2022 жылғы қаңтар-наурыз айлары ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

Есептік кезең ішінде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі  1685,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде трансферттер  268,2 млн. теңге, субвенция  1087,9 млн. теңге.

1, 2 және 3 санаттағы кірістер  329,6 млн. теңге жоспар бойынша,  463,8 млн. теңге сомасына немесе 140,7 % атқарылды, жоспардан тыс  134,2 млн. теңге келіп түсті.

Есептік кезең ішінде бюджеттің шығыс бөлігі  1179,6 млн. теңге жоспар бойынша,  1179,5 млн. теңгеге немесе  100 %  атқарылды.   

2022 жылғы 1  сәуірге өнеркәсіп өнімдерінің НКИ 112,1  %  құрайды.  

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі  787,9 млн. теңгені құрайды, бұл      2021 жыл деңгейінен  481,0 млн. теңгеге көбірек. Ауданның облыс өнеркәсіптік өнімі көлеміндегі үлес салмағы 0,1  %  құрайды.

Есептік кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 90,9  %  құрайды.  

Барлық санаттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2768,8 млн.теңгені құрайды, бұл 2021 жылғы деңгейден               224,0 млн. теңгеге артық (2021 жылы – 2544,8 млн. теңге). Оның ішінде:

Мал мен құстың барлық түрлері бойынша ет (тірі салмақта)  1687,1 тонна немесе 2021 жылдың  деңгейіне 99,9 %, сүт  6270,9 тонна немесе 77,6 %, жұмыртқа 1376 мың дана немесе 92,7  %  өндірілді.

2022 жылғы 1  сәуірдегі жағдай бойынша ІҚМ саны 1146 басқа азайды және 26,9 мың басты немесе 2021 жылдың  деңгейіне 95,9 %, оның ішінде сиыр басы 1226 басқа азайды және 2021 жылдың деңгейіне 90,9 % құрайды. Жылқы басы 9,9 % көбейді және 4,3 мың басты құрайды, шошқа басы 1742  басқа немесе 13,9 %  азайды  және 10,8 мың басты құрайды.

2022 жылдың қаңтар-наурыз айлары ішіндегі көтерме тауар айналымының көлемі 334,1 млн. теңгені құрайды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен  31,4 млн. теңгеге көбірек. НКИ 102,9  %  құрайды.

2022 жылдың қаңтар-наурыз айлары ішіндегі бөлшектік тауар айналымының қөлемі  784,0 млн. теңгені құрайды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен  92,7 млн. теңгеге көбірек. НКИ 102,5  %  құрайды.

Экономикалық өсуді айқындайтын түйінді нысаналы индикаторлардың бірі инвестициялар тарту болып табылады    

Негізгі  капиталға түсетін инвестициялардың нақты көлем индексі 105,9  %  құрайды. 

Облыстың жалпы көлеміндегі аудан инвестицияларының үлесі 1,2 % құрайды. Ауданға 1730 млн. теңге капиталды құрайтын инвестиция салынды, бұл  2021 жылдан  195  млн. теңгеге көбірек (2021 жылы-1535 млн.теңге). Республикалық бюджет есебінен 790 млн. теңге,  жергілікті бюджет есебінен  73 млн.теңге салынды, кәсіпорындар қаражаты есебінен 661 млн. теңге салынды, банктің несиелері мен басқа да қарыз қаражаттары 206 млн. теңгені құрады.

Құрылыс кешені қызметінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру.

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру 1621 шаршы метрді құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден 333 шаршы метрге аз.   НКИ 83% құрады.. 

2022 жылғы 1 сәуірге  құрылыс жұмыстарының көлемі  273 млн. теңгені құрайды, бұл  2021 жылдан  33 млн. теңгеге көбірек (2021 жылы – 240 млн. теңге).

Өмір деңгейі. Статистикалық деректер бойынша 2021 жылдың                   4 тоқсанында орташа айлық жалақы 149619 теңгені құрады, бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15714 теңгеге немесе 11,7 % артық.

 

 

«Федоров ауданының экономика

және қаржы бөлімі» ММ басшысы                                               С. Завощенко

Дата публикации
19 апреля 2022
Дата обновления
19 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
16 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
Хабарлама
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын ауқымды түгендеу басталады
Ақпарат
04 августа 2026
Дауыс беру уақыты мен орны туралы

Социальные медиа

Facebooc; Федоров ауданының аппараты әкімі
Instagram;Федоров ауданы әкімінің аппараты

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы