Федоров аудандық мәслихатының «2021 жылы Федоров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау ұсыну туралы» шешімінің жобасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мамандарды әлеуметтік қолдау мақсатында, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес әзірленген.
Шешім жобасын қабылдауы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталындағы ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.