«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 38-бабы 2-тармағына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялары 2021 жылғы 12 желтоқсанда сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін Қоржынкөл ауылдық округі әкімін сайлау бойынша дауыс беруге қатысуға шақырады, олар сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша мынадай үй-жайларда өткізіледі:
№ 818 сайлау учаскесі
Дауыс беруге арналған учаскенің орналасқан жері – Лесной ауылы, Кравченко көшесі 10, орта мектебінің ғимараты, 32426 тел.
№ 820 сайлау учаскесі
Дауыс беруге арналған учаскенің орналасқан жері - Малороссийка, Школьная көшесі 1, бастауыш мектебінің ғимараты, 32557 тел.
Сайлауға қатысу үшін сайлаушының өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаттардың бірі: жеке куәлігі, уақытша жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болуы қажет.