Меню

Страницы

Статья

Федоров ауданының 2021 жылғы қаңтар-қыркүйек айларына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат.

Федоров ауданының 2021 жылғы қаңтар-қыркүйек айларына

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат.

 

 Есептік кезең ішінде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі  4710,0 млн. теңгені құрады, оның ішінде трансферттер  1830,9 млн. теңге, субвенция  1749,5 млн. теңге.

1, 2 және 3 санаттағы кірістері  1129,6  млн. теңге жоспар бойынша,  1355,6 млн. теңге сомасына немесе 120 % атқарылды, жоспардан тыс  226,0 млн. теңге келіп түсті.

Есептік кезең ішінде бюджеттің шығыс бөлігі  4706,8 млн. теңге жоспар бойынша,  4705,6 млн. теңгеге немесе  100 %  атқарылды.   

2021 жылғы 1 қаңтарға өнеркәсіп өнімдерінің НКИ 84,8/  %  құрды.  

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі  3365,1 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылдың  деңгейінен  585,3 млн. теңгеге артық (2020 жылы-2779,8 млн. теңге). Ауданның облыс өнеркәсіптік өнімі көлеміндегі үлес салмағы  0,2  %  құрайды.

Есептік кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 111,8  %  құрайды.  

Ауыл шаруашылық өнімдерінің барлық санаты бойынша жалпы өнім шығаруы  40989,0 млн. теңгені құрайды, бұл 2020 жылдың  деңгейінен 12083,5 млн. теңгеге артық (2020 жылы-28905,5 млн. теңге). 

Мал мен құстың барлық түрлері бойынша ет (тірі салмақта)  4004,5 тонна немесе 2020 жылдың  деңгейіне 102,3 %, сүт  33106,3 тонна немесе 104,6 %, жұмыртқа 8884 мың дана немесе 100,9  %  өндірілді.

2021 жылғы 1  қазандағы  жағдай бойынша ІҚМ саны 779 басқа көбейді және 30,3 мың басты немесе 2020 жылдың  деңгейіне 102,6 %, оның ішінде сиыр басы 109 басқа көбейді және 2020  жылдың деңгейіне 99,3 % құрайды. Жылқы басы 9,6 %  көбейді және 4,6 мың басты құрайды, шошқа басы  243 басқа немесе 0,1 %  көбейді  және  14,6  мың басты құрайды.  

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішіндегі бөлшектік тауар айналымының қөлемі  2495 млн. теңгені құрайды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен  252,8 млн. теңгеге көбірек. НКИ 102,8  %   құрайды.    

Экономикалық өсуді анықтайтын негізгі нысаналы индикаторлардың бірі – инвестицияларды тарту.

Негізгі  капиталға түсетін инвестициялардың нақты көлем индексі 120,7  %  құрайды. 

Облыстың жалпы көлеміндегі аудан инвестицияларының үлесі 2,6 % құрды. Ауданға 7047 млн. теңге капиталды құрайтын инвестиция салынды,           бұл 2020 жылдан  1568 млн. теңгеге көбірек (2020 жылы-5479 млн. теңге).Республикалық бюджет есебінен 1453 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 815 млн. теңге салынды, кәсіпорындар есебінен  2365  млн.  теңге, банк кредиттері және басқа да қарыз қаражаты 2414 млн. теңгені құрады.

Құрылыс кешені қызметінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру.

2021 жылғы 1  қазандағы  жағдай бойынша жалпы алаңы 2765 ш.м тұрғын үй қолданысқа берілді, бұл 2020 жылдың деңгейінен  299 ш.м төмен. НКИ            90,2  %  құрды. 

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішіндегі құрылыс жұмыстарының көлемі  3056 млн. теңгені құрды (2020 жылы-2025 млн. теңге). НКИ 146,4  %  құрды. 

Өмір деңгейі. Статистикалық деректер бойынша 2020 жылдың                   2 тоқсандағы орта айлық жалақы 16212 теңгені құрайды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен  20966 теңгеге  немесе  14,9  %  көбірек.

 

 

«Федоров ауданының экономика

және қаржы бөлімі» ММ басшысы                                      С. Завощенко

Дата публикации
19 октября 2021
Дата обновления
19 октября 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
16 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
Хабарлама
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын ауқымды түгендеу басталады
Ақпарат
04 августа 2026
Дауыс беру уақыты мен орны туралы

Социальные медиа

Facebooc; Федоров ауданының аппараты әкімі
Instagram;Федоров ауданы әкімінің аппараты

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы