Есептік кезең ішінде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 2895,1 млн. теңгені құрады, оның ішінде трансферттер 747,9 млн. теңге, субвенция 1484,4 млн. теңге.
1, 2 және 3 санаттағы кірістері 662,8 млн. теңге жоспар бойынша, 893,5 млн. теңге сомасына немесе 134,8 % атқарылды, жоспардан тыс 230,8 млн. теңге келіп түсті.
Есептік кезең ішінде бюджеттің шығыс бөлігі 2541,8 млн. теңге жоспар бойынша, 2541,7 млн. теңгеге немесе 100 % атқарылды.
2021 жылғы 1 шілдеге өнеркәсіп өнімдерінің НКИ 98,4 % құрды.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2325,7 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылдың деңгейінен 778,2 млн. теңгеге артық (2020 жылы-1547,5 млн. теңге). Ауданның облыс өнеркәсіптік өнімі көлеміндегі үлес салмағы 0,2 % құрайды.
Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі – аграрлық сектор.
Есептік кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 102,3 % құрайды.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің барлық санаты бойынша жалпы өнім шығаруы 6410,5 млн. теңгені құрайды, бұл 2020 жылдың деңгейінен 699,1 млн. теңгеге артық (2020 жылы-5711,4 млн. теңге).
Мал мен құстың барлық түрлері бойынша ет (тірі салмақта) 2907,2 тонна немесе 2020 жылдың деңгейіне 99,4 %, сүт 23312,2 тонна немесе 104,3 %, жұмыртқа 4401,1 мың дана немесе 102,0 % өндірілді.
2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ІҚМ саны 413 басқа көбейді және 31,5 мың басты немесе 2020 жылдың деңгейіне 101,3 %, оның ішінде сиыр басы 160 басқа көбейді және 2020 жылдың деңгейіне 101,1 % құрайды. Жылқы басы 1,4 % көбейді және 4,6 мың басты құрайды, шошқа басы 539 басқа немесе 3,8 % көбейді және 14,6 мың басты құрайды.
2021 жылдың қаңтар-маусым айлары ішіндегі бөлшектік тауар айналымының қөлемі 1672,5 млн. теңгені құрайды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 200,5 млн. теңгеге көбірек. НКИ 105,4 % құрайды.
Экономикалық өсуді анықтайтын негізгі нысаналы индикаторлардың бірі – инвестицияларды тарту.
Негізгі капиталға түсетін инвестициялардың нақты көлем индексі 141,8 % құрайды.
Облыстың жалпы көлеміндегі аудан инвестицияларының үлесі 2,1 % құрды. Ауданға 3437 млн. теңге капиталды құрайтын инвестиция салынды, бұл 2020 жылдан 1111 млн. теңгеге көбірек (2020 жылы-2326 млн. теңге).Жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру көздері бойынша 142 млн. теңге салынды, кәсіпорындар есебінен 1340 млн. теңге, банк кредиттері және басқа да қарыз қаражаты 1955 млн. теңгені құрады.
Құрылыс кешені қызметінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру.
2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жалпы алаңы 2126 ш.м тұрғын үй қолданысқа берілді, бұл 2020 жылдың деңгейінен 938 ш.м төмен. НКИ 69,4 % құрды.
2021 жылдың қаңтар-маусым айлары ішіндегі құрылыс жұмыстарының көлемі 1086 млн. теңгені құрды (2020 жылы-1060 млн. теңге). Өткен жылдың сәйкес кезеңі 2004 млн. теңге. НКИ 100,6 % құрды.
Өмір деңгейі. Статистикалық деректер бойынша 2020 жылдың 1 тоқсандағы орта айлық жалақы 135030 теңгені құрайды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 17322 теңгеге немесе 14,7 % көбірек.