Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан іс-қимыл кезеңі" Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу және сайлау заңнамасына тиісті өзгерістер енгізу қажеттігі туралы мәлімдеді. Сайлау заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілді. Өкілеттік мерзімі аяқталатын ауылдық округ әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы 2021 жылғы 25 шілдеде жарияланатыны және өткізілетіні белгілі. 2021 жылғы әкімдер сайлауы өткен жылдардағы сайлаудан несімен ерекшеленеді?
Сайлау- қоғамды демократияландырудың маңызды институты, халықтың мемлекеттік басқаруға қатысуының негізгі нысандарының бірі. Тікелей сайлау кезінде әкім өз сайлаушылары алдында үлкен жауапкершілікті сезінеді. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау жанама әдіспен - аудандық мәслихат депутаттарымен өткізілді. 2021 жылдан бастап ауылдық округ әкімдерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде өткізіледі, бұл дегеніміз азаматтардың тікелей дауыс беруіне ауылдық округтің барлық сайлаушылары қатысатын болады.
Ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қандай тәртіпте және кім жүргізеді?
Начало формы
Конец формы
Кандидаттарды ұсыну бұрын жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілгеннен кейін аудан әкімімен өткізілді. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңға енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес енді кандидаттарды ұсынуды өз мүшелері арасынан тіркелген саяси партиялар жүргізетін болады. Сонымен қатар, тиісті ауылдық округтер тұрғындарының бәсең сайлау құқығын іске асыру мақсатында өзін-өзі ұсыну көзделеді. Өзін - өзі ұсынған кандидат тиісті ауылдық округте тұратын сайлаушылардың қолдарының кемінде 1% - ын өз қолдауына жинауы тиіс. Ұсыну мерзімі аяқталған күні ұсынылған кандидаттар болмаған немесе екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша сайлау кезінде баламалылықты қамтамасыз ету үшін тиісінше екі немесе бір кандидатты ұсынуға құқылы. Айта кету керек, ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі – төрт жыл.
Ауыл әкімдерін тікелей сайлау халыққа не береді?
Ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауы азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін арттыруға, халықтың билікке деген сенімін және әкімнің халық алдындағы есептілігін күшейтуге, ауыл әкімінің халықтың қажеттіліктері мен проблемаларына жедел әрекет етуін арттыруға, "халық үніне құлақ асатын мемлекет"тұжырымдамасын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Сайлау науқаны тәртібінде өзгерістер бар ма?
Сайлауды өткізу тәртібі бұрынғы тетік бойынша жүзеге асырылатын болады, бірақ жаңа енгізілімдер де бар: ауылдық округ әкімдерін сайлауды тағайындау, бір сайлау округінде саяси партиялармен бір ғана кандидатты және кандидатты өзін-өзі ұсыну тәртібімен аумақтық сайлау комиссиясына дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беру арқылы ұсыну, кандидатты қолдау үшін қол жинау- өзін-өзі ұсыну, кандидаттың сайлау жарнасын енгізуі (ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде), ауылдық округ әкіміне кандидаттардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың қойылатын талаптарына сәйкестігін тексеру, ауылдық округ әкіміне кандидаттарды аудандық сайлау комиссиясының тіркеуі, үгіт науқанын өткізу, сайлау өткізу, сайланған ауылдық округ әкімін тіркеу.
Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланған болып есептеледі.