Меню

Страницы

Статья

«Федоров аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы Гульнара Тулейбергеновна Мирмановамен сұхбат

COVID-19 пандемиясы жағдайында сайлау процесіне қатысушылар қандай негізгі ережелерді сақтау керек?

Ережелер жалпыға бірдей қабылданады - сайлау процесіне қатысушылар: бір реттік медициналық немесе қорғаныс маскаларын кию режимін сақтауға, қолды зарарсыздандыру үшін антисептикалық құралдарды қолдануға, адамдар арасындағы әлеуметтік қашықтықты бір - бірінен кемінде 1,5-2 метр сақтауға, қол алысу немесе тікелей байланыстың басқа түрлерін болдырмауға міндетті.

Сайлау  алдындағы үгітті жүргізу кезінде әкімдікке кандидаттар сайлаушылармен қалай жұмыс істейді?

Сайлау алдындағы үгітті көпшілік іс-шаралар өткізу арқылы жүргізген кезде жоғарыда аталған қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Сондай-ақ, онлайн режимінде теледидар, радио, баспа басылымдарын, интернет-ресурстарды пайдалана отырып, үгіт-насихат іс-шараларын өткізу ұсынылады. Сайлаушылармен кездесулер бейнеконференциялар арқылы, ашық ауада немесе терезелерінде  желдеткіш орнатылған, антисептикалық санитайзерлермен жабдықталған бөлмелерде өткізілуі тиіс. Сайлау науқаны үшін арнайы дайындалған баспа материалдарын, төсбелгілерді, жалауларды, жалаушаларды таратуды бір рет қолданылатын қолғаптар мен қорғаныш маскаларын пайдалана отырып жүзеге асыру қажет. Сайлау алдындағы іс-шараларды өткізу кезінде эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың денсаулығын қорғау іс-шараларды өткізу жауапкершілігі ұйымдастырушыларға жүктеледі.

Дауыс беру күні сайлау учаскелерінде жалпы қабылданғандардан басқа, санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша тағы қандай шаралар қолданылады?

Біріншіден, дауыс беру бөлмесі әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін жеткілікті мөлшерде кең болуы тиіс. Дауыс беруге арналған үй-жайлар мен кабиналарды мерзімді өңдеу қажет.

Сайлау учаскесі үй-жайының кіреберісінде сайлау учаскесіне келген кезде сайлау процесіне қатысушылар сақтауға тиіс қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат орналастырылады. Сайлау учаскелері қажет болған жағдайда сайлаушыларға беру үшін сайлаушыларға арналған жеке қорғану құралдарымен (бір рет қолданылатын маска, қолғап, қалам) қамтамасыз етіледі. Дауыс беру бөлмесінде температураны өлшейтін термометрлер және қолды зарарсыздандыруға арналған антисептикалық санитайзерлер орнатылады.

Сенім білдірілген адамдар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері вакцинациялау паспортын немесе берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесін ұсынады.

Сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі барлық шаралар Орталық сайлау комиссиясымен келісім бойынша қабылданған Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» 2021 жылғы 25 маусымдағы № 29 қаулысына сәйкес қабылданатын болады.

Дата публикации
14 июля 2021
Дата обновления
14 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
16 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
Хабарлама
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын ауқымды түгендеу басталады
Ақпарат
04 августа 2026
Дауыс беру уақыты мен орны туралы

Социальные медиа

Facebooc; Федоров ауданының аппараты әкімі
Instagram;Федоров ауданы әкімінің аппараты

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы