Федоров аудандық сайлау комиссиясының
Хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-5-бабына сәйкес аудандық сайлау комиссиясы Вишневый ауылдық округі бойынша әкімдікке кандидаттар тіркеді:
1. Андреев Александр Валерьевич, 1970 жылы туған, Вишневый ауылдық округінің әкімі, Федоров ауданының Белояровка ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы» ҚБ өңірлік филиалы ұсынды.
2. Кизима Василий Владимирович, 1994 жылы туған, «Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, Федоров ауданы Федоров ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Пешков ауылдық округі бойынша кандидаттар:
3. Бексултанов Жаслан Жұматайұлы, 1989 жылы туған, «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ сектор меңгерушісі, Федоров ауданы Федоров ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
4. Ержанов Әмірбек Құрманғалиұлы, 1960 жылы туған, Пешков ауылдық округінің әкімі, Федоров ауданы Пешков ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы» ҚБ өңірлік филиалы ұсынды.
5. Хоруженко Валерия Валерьевна, 1987 жылы туған, "Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Федоров ауданы Первомайское ауылында тұрады. өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.