2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Федоров аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 16616 азамат енгізіліп, оның 13692-сі немесе 82,4 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.
Дауыс беруге 13684 адам қатысты, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 187 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 3 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде келесідей дауыстар саны берілді:
«NurOtan» партиясы - 12192 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 89,43 пайызын құрайды;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 1276 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 9,36 пайызы;
«ADAL» саяси партиясы - 165 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,21 пайызы;
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленді:
«NurOtan» партиясы - 10 мандат;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 1 мандат.
Федоров аудандық сайлау комиссиясы