Меню

Страницы

Статья

«Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2021 жылғы 12 ай ішіндегі қызметінің қорытындылары

2021 жылдың 12 айында халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдау туралы

 

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда кедейлік деңгейі 0,2%-ды құрады. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда кедейлік деңгейі 0,19% құрайды.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 10 отбасы 47 адам есепте тұр, бір адамға шаққанда 26482 теңгеге дейін табысы бар.

Жыл басынан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 14 отбасына тағайындалды, онда 66 адам 4075,184 мың теңге сомасында, оның ішінде 2 отбасына 4 адамға шартсыз ақшалай көмек 555,938 мың теңге сомасында, 12 отбасына 62 адамға шартты ақшалай көмек 3519,246 мың теңге сомасында.

Кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен (азық-түлік жиынтығы, тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы) жыл басынан бастап АӘК алушы отбасылардан бір жастан алты жасқа дейінгі 20 бала, оның ішінде жалпы сомасы 1394,4 мың теңгеге 177 азық – түлік топтама (1 жастан 3 жасқа дейінгі 10 балаға – 75 пакет, 3 жастан 6 жасқа дейінгі 10 балаға – 102 пакет), 59 тұрмыстық химия жиынтығы қамтамасыз етілді.

Жыл басынан бері 4 отбасына 65,5 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалды. Табысы аз адамдар ретінде есепте тұрған адамдарға осы шара 2021 жылы 1 отбасы 3 адамға 20,4 мың теңге сомасында төленді.

2021 жылдың 12 айында табысы аз азаматтар санының азаюына байланысты барлық қаржыландыру көздері есебінен табысы аз азаматтар қатарынан 1 адамға көрсетілген көмек өткен жылмен салыстырғанда      91775,1-ден 73721,1 теңгеге (18054 теңгеге) азайды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек 2021 жылдың 12 айында 343 азаматқа 20407,2 мың теңге сомасында көрсетілді.

 

Жаңа форматтағы АӘК тағайындау және төлеу бойынша жүргізілген жұмысты талдау

 

 

 

 

 

 

Атаулы әлеуметтік көмек

Кезең

Отбасылар саны

Адам саны

сомасы (мың теңге)

оның ішінде

барлығы

РБ

ЖБ

2019

47

258

23297.5

14261.0

9036.5

2020

19

100

4794.1

3112.8

1681.3

2021

13

61

4053.8

3226.0

827.8

 

 

 

 

 

 

Шартсыз ақшалай көмек (ШАК)

 

 

 

Кезең

Отбасылар саны

Адам саны

сомасы (мың теңге)

оның ішінде

барлығы

РБ

ЖБ

2019

7

25

2549.8

1562.2

987.5

2020

4

13

856.0

670.4

185.7

2021

2

4

555.9

521.2

34.7

 

 

 

 

 

 

Шартты ақшалай көмек (ШАК)

 

 

 

Кезең

Отбасылар саны

Адам саны

сомасы (мың теңге)

оның ішінде

барлығы

РБ

ЖБ

2019

40

233

20747.7

12698.8

8048.9

2020

15

87

3938.1

2442.4

1495.7

2021

11

57

3497.9

2704.8

793.1

 

АӘК алушылар санының төмендеуі осы отбасыларға барлық әлеуметтік қолдау шараларын көрсетумен тікелей байланысты: тұрақты жұмыс орындарына, уақытша жұмыс орындарына (ақылы қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары) жұмысқа орналастыру; жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға гранттар; бюджеттен де, тартылған қаражат есебінен де әлеуметтік көмек көрсету.

 

Мүгедек адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың: әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер түрінде мемлекеттік көмек пен қолдауды; әлеуметтік оңалту шеңберінде организмнің жоғалтқан функцияларын өтеуді; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтитын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді.

Федоров ауданында 920 мүгедек тұрады, оның ішінде 83 мүгедек бала.

Көрсетілімдер мен қарсы көрсеткіштерді ескере отырып, мүгедектер мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, кресло-арбалармен, санаторий-курорттық емдеумен, міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Жыл басынан бері үйде оқитын және тәрбиеленетін 24 мүгедек балаға 3038,8 мың теңге сомасында ай сайынғы әлеуметтік көмек (6 АЕК мөлшерінде) төленді.

Жыл басынан бері жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 8 мүгедекке жеке көмекшілердің қызметтері ұсынылды. Бұл ретте, 2021 жылғы 4 қарашадан бастап 1-топтағы мүгедектерді күту бойынша жаңа жәрдемақының енгізілуіне байланысты барлық мүгедектер жаңа жәрдемақының пайдасына көмектің осы түрінен бас тартты. 1 мүгедек ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етілді.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жыл басынан бері 68 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, оның ішінде 19 мүгедек бала, 18 мүгедек сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді, оның ішінде 2 мүгедек бала, 9 мүгедек тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді, 39 мүгедекке протездік-ортопедиялық көмек көрсетілді, оның ішінде 9 мүгедек балаға, 14 мүгедек кресло-арбамен қамтамасыз етілді, оның ішінде 3 мүгедек бала. 7 мүгедек оңалтудан өтті, 12 мүгедек санаторийлерде сауықтырудан өтті.

 

2022 жылғы 01 қаңтар жағдайына үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі 110 жалғызілікті және жалғыз тұратын қарт азаматтарға, 5 мүгедек балаға және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар 1 мүгедекке үйде күтім жасау бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетті. Қызметті 26 әлеуметтік қызметкер көрсетеді.

 

 

 

Дата публикации
02 февраля 2021
Дата обновления
02 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
16 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
Хабарлама
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын ауқымды түгендеу басталады
Ақпарат
04 августа 2026
Дауыс беру уақыты мен орны туралы

Социальные медиа

Facebooc; Федоров ауданының аппараты әкімі
Instagram;Федоров ауданы әкімінің аппараты

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы