"Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" Заңның нормаларын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 21 қаңтарында мүгедектігі бар адамдар үшін ұйымдастырылған аудандық жәрмеңкеде "Федоров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Р.Д. Баймурзин түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында қатысушыларға Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ауданның жергілікті атқарушы органдарына жүктелген жаңа функциялар мен міндеттер егжей-тегжейлі түсіндірілді, сондай-ақ қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.