Меню

Страницы

Статья

Федоров ауданы бойынша 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Ауыл шаруашылығын дамыту туралы

       Өсімдік шаруашылығы

 

        Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің алдын ала деректері бойынша 2023 жылы жаздық егіс 359,2 мың га құрайды, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 275,3 мың га алаңға, майлы дақылдар 75,0 мың га, жемшөп дақылдары 8,7 мың га., картоп пен көкөністер 130,0 га аумақты алып жатыр. Булар 98 380 мың га алаңға өңделетін болады.

      2023 жылы егу үшін Федоров ауданының ауылшаруашылық тауар өндірушілері 53846 тонна түрлі ауылшаруашылық дақылдарының тұқымын толтырды (2023 жылы егу үшін 52700 тонна қажет). Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 2797 тонна элиталық және суперэлиталық тұқым сатып алды (2023 жылы егу үшін элиталық тұқым сатып алу жөніндегі тапсырма 2795 тонна жеткізілді)  және егу үшін қолда бар (сортты жаңарту 5,3%).

      Өну бойынша тексеруге 53,846 мың тонна тұқым түсті, бұл себілген тұқым санының 100 %  құрайды, 53,846 мың тонна тексерілді, 1 сыныпқа - 49,156 мың тонна, 2 - сыныпқа 4,690 мың тонна жатады.

     Толық ауыл шаруашылығы талдау тексеруге 53,846 мың тонна түсті, бұл себілген тұқым санының 100 % құрайды. 53,846 тонна тексерілді, барлық тұқымдар кондиционерленген, 1 - сыныпқа 40779 тонна, 2 - сыныпқа 13067 тонна жатады. Ауа жылуымен жылытуға 53,846 мың тонна тұқым (100%) шығарылды, 53,846 мың тонна (100%) уланды.

     Федоров ауданына 2023 жылы 8,8 мың тонна көлемінде минералды тыңайтқыштарды сатып алу және пайдалану жөніндегі тапсырма жеткізілді. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 3,798 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алды, бұл жеткізілген көлемнің   43,2 % құрайды. Тыңайтқыштардың бұл көлемі себу кезінде енгізіледі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

     Ағымдағы жылы астықты «Азық - түлік корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы форвардтық сатып алу бойынша екі әлеуетті қатысушы бар, бұл  «Олжа Алтын Инвест» ЖШС   635,9 млн. теңгеге және «Турар» ЖШС 500 млн. теңгеге, «Олжа Алтын Инвест» ЖШС тауарлық несие 28 480 тонна.  Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің барлық деректері қажетті құжаттарды одан әрі ресімдеу үшін Облыстың Үйлестіру кеңесіне жіберілді.

     2023 жылғы көктемгі егісті өткізуге Федоров ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 223 тг/литр бағамен 5309 тонна жеңілдікті дизель отыны бөлінді, оның ішінде Атырау МӨЗ – 3520 тонна, Павлодар МХЗ – 1789 тонна. ЖЖМ бұл көлемі ауданның 428 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері арасында бөлінген. Әр шаруашылыққа 12 л/га көлемде 287 талон берілді, жалпы көлемі 5142,6 тонна, бұл 96,9 % құрайды.

     Егін жинау жұмыстарына жеңілдікті дизель отынын сатып алуға «Мемагро» порталына өтінімдер беру бойынша жұмыс жүргізілді.  

     Ағымдағы жылдың егіс науқанына 1802 бірлік трактор, 112 бірлік егіс кешені, 967 бірлік сепкіш тартылды. Қазіргі уақытта барлық ауылшаруашылық техникасы жыл сайынғы техникалық тексеруден өтеді. Барлық ауылшаруашылық техникаларының дайындығы 99 % құрайды.

     Ылғал үнемдеу технологиясы бойынша өсірілетін дәнді дақылдар алқабы ағымдағы жылы аудан бойынша 240,0 мың гектарды құрайды, бұл дәнді дақылдардың егіс алқабының 87 % - на сәйкес келеді, оның ішінде нөлден 160,0 мың гектарға дейін немесе 67 % - ға дейін егілді.

      Ылғалдың жабылуы 388,8 мың га аумақта жүргізілді, бұл жоспарланған көлемнің 100 % құрайды. Егіс алдындағы топырақты өңдеу 120 мың га алқапта жоспарланған, оның ішінде 25,0 мың га жерді химиялық препараттармен өңдеу жоспарлануда. 25 мамырдағы жағдай бойынша егіс алдындағы өңдеу 147,7 мың га алаңда жүргізілді, бұл 147,7 %   құрайды, оның ішінде 128,4 мың га механикалық тәсілмен өңделді, 19,3 мың га химиялық препараттармен өңделді.

      Ауданда астықты сақтау үшін жалпы көлемі 780,1 мың тонна сыйымдылық бар, оның ішінде ЦХП сақтау сыйымдылығы 328,1 мың тоннаны, жалпы элеваторлық сыйымдылығы 452 тоннаны құрайды

      Ағымдағы жылы ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері               18 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.

 

       Мал шаруашылығы.

       

      Тұқымдық түрлендіру бағдарламасын іске асыру туралы.

       2022 жылы статистика агенттігінің мәліметінше, Федоров ауданында 18 айдан асқан аналық мал басының саны 13 169 басты құрайды, АТЖ электрондық жүйесінде 2959 бас тіркелген, 35 асыл тұқымды бұқа пайдаланылады, қосымша 95 бұқа қажет, 6 бас мерзімі өткен, қатысу үлесі 0,9 % құрайды.

      2022 жылғы маусым айында 5 шаруашылық «Терра» ЖШС 18 асыл тұқымды тұқымдық бұқаны жалға алды («Эдгар» ШҚ 8 бас, «Целинный» ШҚ - 2 бас, «Алиев» ӘКК - 3 бас, «Мараховский О.Н» ЖК - 4 бас, «Искаков» ШҚ - 1 бас).

       2023 жылға аудан шаруашылықтары 12 өндіруші бұқаны жалға алуға «Қыпшақ» ӘКК - 2 бас, «Алиев» ӘКК - 3 бұқа, «Эдгар» ШҚ - 5 бас, «Омельянович Р.А.» ЖК - 2 бас) өтінім берді.

      Федоров ауданының АШТӨ «Терра» ЖШС   20 бас асыл тұқымды бұқаны жалға алды.

      2022 жылдың қыркүйегінде «Гранд» ЖШС Герефорд тұқымын өндіретін 25 асыл тұқымды бұқаны сатып алды.

      Мал шаруашылығында сүт бағытын дамыту үшін «Турар» ЖШС ағымдағы жылдың қазан айында Даниядан 203 бас голштино – фриз тұқымды қашар сатып алды.

     «Бек +»  ЖШС  Даниядан 170 бас голштино-фриз тұқымды қашар сатып алды.

 

      Жемдеу алаңдарын толтыру.

     

      2023 жылға жемдеу алаңдарын толтыру жоспары 810 басты құрайды (2021 жылға қарай 146 %) бүгінгі күні ет өңдеу кәсіпорындарына 59 бас іске асырылды.

     

      «Ауыл Аманаты» халықтың табысын ұлғайту жөніндегі жобаны іске асыру туралы.

     

      2023 жылғы 06 маусымға аудан бойынша 194,4 млн. теңгеге 65 әлеуетті қарыз алушы бар. Оның 51-і мал шаруашылығы бойынша 142,7 млн. теңгеге, 14-і  51,7 млн. теңгеге жабдық сатып алу (Баннов - 4; Воронеж – 16; Ленин – 3; Камышин - 2; Қосарал - 7; Қоржынкөл – 1; Костряков - 2; Пешков - 3; Первомай - 5; Новошумное - 5; Федоров-17).

    11 ауылдық округ бойынша 137,0 млн. теңгеге 36 толық құжат жиналды. 36 жұмыс орны құрылды.

    Бүгінгі таңда 13 құжат 80,7 млн. теңге сомасына қабылданды.

 

     НК И орындау туралы

   

     2023 жылдың қаңтар - сәуір айларында мал шаруашылығының НКИ               110 % құрады.

     2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында өткен жылдың деңгейіне 103 % 2127,2 тонна ет өндірілді, 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 11497,8 тонна сиыр сүті 118,8 % сауылды, 2022 жылдың деңгейіне 100,2 %  1974,5 мың дана тауық жұмыртқасы алынды.

     Сүт өндірісінің тұрақты өсуі және сүт кластерін нығайту үшін ауданда «Турар» ЖШС, «Бек+» ЖШС, «Бүркіт» ЖШС және «Андреев Ю. Ю.» ЖК төрт сүт-тауар фермасы жұмыс істейді, сондай – ақ сүт бағытындағы 7 ӘКК – «Успеновка сүт», «Баннов сүт» ӘКК құрылды, «Байғара сүт», «Чистый Чандак», «Даму – 2020» ӘКК, «Воронеж» ӘКК, «Федоровка» ӘКК. Осы фермалар мен кооперативтер облыстың қайта өңдеу кәсіпорындарына 2023 жылдың 5 айында 13,5 мың тонна сүт өндіріп, тапсырды.

 

 

 

 

Дата публикации
06 июня 2023
Дата обновления
06 июня 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
16 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
Хабарлама
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын ауқымды түгендеу басталады
Ақпарат
04 августа 2026
Дауыс беру уақыты мен орны туралы

Социальные медиа

Facebooc; Федоров ауданының аппараты әкімі
Instagram;Федоров ауданы әкімінің аппараты

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы