2023 жылғы 01 мамырдағы жағдай бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте бір адамға 30596 теңгеге дейінгі табысы бар 34 адамнан тұратын 8 отбасы тұрады.
2022 жылдың тиісті кезеңіне есепте бір адамға 26591 теңгеге дейінгі табысы бар 54 адам құрайтын 11 отбасы тұрды.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша аудандағы кедейлік деңгейі 0,14 % құрайды. 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша аудандағы кедейлік деңгейі 0,2 % құрады.
Жыл басынан бері мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 13 отбасына тағайындалды, оның ішінде 54 адам - 1467,387 мың теңге сомасына, оның ішінде 5 отбасына шартсыз ақшалай көмек 16 адам - 776,260 мың теңге сомасына, 8 отбасына шартты ақшалай көмек 38 адам - 691,127 мың теңге сомасына; 13 отбасына төленді, оның ішінде 53 адам -1139,043 мың теңге сомасына, оның ішінде 5 отбасына шартсыз ақшалай көмек 16 адам - 553,792 мың теңге сомасына, 8 отбасына шартты ақшалай көмек 37 адам - 585,251 мың теңге сомасына.
АӘК тағайындау кезеңін қоса алғанда, бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға жыл басынан бастап ай сайынғы қосымша төлем 232,875 мың теңге сомасына 13 балаға тағайындалды, 13 балаға 191,475 мың теңге сомасында төленді.
Жыл басынан бері 1 отбасына 13,098 мың теңге сомасында тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалды және төленді. 2022 жылы есепте аз қамтылғандар қатарындағы адамдарға бұл шара көрсетілмеді.
2023 жылдың 4 айында барлық қаржыландыру көздері есебінен аз қамтылғандар арасынан 1 адамға көрсетілген көмек өткен жылмен салыстырғанда 25537,3 теңгеден 39509,3 теңгеге дейін (13972 теңгеге) ұлғайды.
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек 2023 жылдың 4 айында 10648,4 мың теңге сомасына 142 азаматқа тағайындалды.
|
Жаңа форматтағы АӘК тағайындау және төлеу бойынша жүргізілген жұмысты талдау |
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|
Атаулы әлеуметтік көмек |
|||||
|
Кезең |
Отбасылар саны |
Адам саны |
сомасы (мың теңге) |
оның ішінде |
|
|
барлығы |
РБ-дан ЖСТ |
ЖБ |
|||
|
2019 |
47 |
258 |
23297.5 |
14261.0 |
9036.5 |
|
2020 |
19 |
100 |
4794.1 |
3112.8 |
1681.3 |
|
2021 |
13 |
61 |
4053.8 |
3226.0 |
827.8 |
|
2022 |
24 |
118 |
4769.952 |
3123.0 |
1646.952 |
|
2023 ж.4 ай |
13 |
54 |
1467.387 |
1173.910 |
293.477 |
|
Шартсыз ақшалай көмек (ШАК) |
|
|
|
||
|
Кезең |
Отбасылар саны |
Адам саны |
сомасы (мың теңге) |
оның ішінде |
|
|
всего |
РБ-дан ЖСТ |
ЖБ |
|||
|
2019 |
7 |
25 |
2549.8 |
1562.2 |
987.5 |
|
2020 |
4 |
13 |
856.0 |
670.4 |
185.7 |
|
2021 |
2 |
4 |
555.9 |
521.2 |
34.7 |
|
2022 |
6 |
20 |
1050.462 |
779.268 |
271.194 |
|
2023 ж.4 ай |
9 |
42 |
761.833 |
545.4 |
216.433 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Шартты ақшалай көмек (ШАК) |
|
|
|
||
|
Кезең |
Отбасылар саны |
Адам саны |
сомасы (мың теңге) |
оның ішінде |
|
|
всего |
РБ-дан ЖСТ |
ЖБ |
|||
|
2019 |
40 |
233 |
20747.7 |
12698.8 |
8048.9 |
|
2020 |
15 |
87 |
3938.1 |
2442.4 |
1495.7 |
|
2021 |
11 |
57 |
3497.9 |
2704.8 |
793.1 |
|
2022 |
19 |
102 |
3719.490 |
2343.732 |
1375.758 |
|
2023 ж.4 ай |
5 |
16 |
705.554 |
628.510 |
77.044 |
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда мыналарды қамтитын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді: мемлекеттік көмек және әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер түріндегі қолдау; әлеуметтік оңалту шеңберінде ағзаның жоғалған функцияларын өтеу; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.
Федоров ауданында 924 мүгедектігі бар адам тұрады, оның 78-і мүгедектігі бар балалар.
Айғақтар мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, кресло-арбалармен, санаторий-курорттық емдеумен, міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
Жыл басынан бері 24 үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедектігі бар балаға ай сайынғы әлеуметтік көмек (6 АЕК мөлшерінде, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мөлшері айына 8 АЕК-ке дейін ұлғайтылды) 3600,875 мың теңге сомасына төленді.
2021 жылғы 4 қарашадан бастап 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау бойынша жаңа жәрдемақының енгізілуіне байланысты, жыл басынан бері жеке көмекшілердің қызметтері ұсынылмады, мүгедектігі бар барлық адамдар жаңа жәрдемақының пайдасына көмектің осы түрінен бас тартты. 4 мүгедектігі бар адам ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етілген.
Жыл басынан бері әлеуметтік қызметтер порталы арқылы: міндетті гигиеналық құралдармен - 17 адам, тифлотехникалық құралдармен – 1 адам, протездік-ортопедиялық көмек - 9 адам, кресло-арбамен - 2 адам қамтамасыз етілді, 4 адам оңалтудан өтті, санаторийлерде сауықтырудан 3 адам өтті.
2023 жылғы 01 мамырдағы жағдай бойынша үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшесі 118 азаматқа (110 жалғызбасты және жалғыз тұратын қарт азаматтарға, 1 топтағы мүгедектігі бар 1 адамға, 4 мүгедектігі бар балаға және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектігі бар 1 адамға) үйде күтім жасау бойынша арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетілді. Қызметті 25 әлеуметтік қызметкер көрсетеді.