Меню

Страницы

Статья

Федоров ауданының 2023 жылғы қаңтар-наурыз айлары ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

Есептік кезең ішінде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі  941,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде трансферттер  180,2 млн. теңге.

1, 2 және 3 санаттағы кірістер  761,2 млн. теңге жоспар бойынша,  808,3 млн. теңге сомасына немесе 106,2 % атқарылды, жоспардан тыс  47,1 млн. теңге келіп түсті.

Есептік кезең ішінде бюджеттің шығыс бөлігі  867,5 млн. теңге жоспар бойынша,  867,5 млн. теңгеге немесе  100 %  атқарылды.   

2023 жылғы 1  сәуірге өнеркәсіп өнімдерінің НКИ 139,7  %  құрайды.  

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі  793,2 млн. теңгені құрайды, бұл      2022 жыл деңгейінен  5,3 млн. теңгеге көбірек. Ауданның облыс өнеркәсіптік өнімі көлеміндегі үлес салмағы 0,1  %  құрайды.

Есептік кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 107,9  %  құрайды.  

Барлық санаттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 3604,8 млн.теңгені құрайды, бұл 2022 жылғы деңгейден               836,0 млн. теңгеге артық (2022 жылы – 2768,8 млн. теңге). Оның ішінде:

Мал мен құстың барлық түрлері бойынша ет (тірі салмақта)  1687,7 тонна немесе 2022 жылдың  деңгейіне 100 %, сүт  7524,2  тонна немесе 120,0 %, жұмыртқа 1376,3  мың дана немесе 100,0  %  өндірілді.

2023 жылғы 1  сәуірдегі жағдай бойынша ІҚМ саны 1514 басқа көбейді және 28,4 мың басты немесе 2022 жылдың  деңгейіне 105,6 %, оның ішінде сиыр басы 424 басқа көбейді және 2022 жылдың деңгейіне 103,5 % құрайды. Жылқы басы 13,2 % көбейді және 4,9 мың басты құрайды, шошқа басы 428  басқа немесе 4,0 %  көбейді  және 11,2 мың басты құрайды.

2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары ішіндегі көтерме тауар айналымының көлемі 329 млн. теңгені құрайды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен  5,1 млн. теңгеге азырақ. НКИ 84,4  %  құрайды.

2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары ішіндегі бөлшектік тауар айналымының қөлемі  959,4 млн. теңгені құрайды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен  175,4 млн. теңгеге көбірек. НКИ 103,4  %  құрайды.

Экономикалық өсуді айқындайтын түйінді нысаналы индикаторлардың бірі инвестициялар тарту болып табылады    

Негізгі  капиталға түсетін инвестициялардың нақты көлем индексі 100,3  %  құрайды. 

Облыстың жалпы көлеміндегі аудан инвестицияларының үлесі 1,8 % құрайды. Ауданға 1814 млн. теңге капиталды құрайтын инвестиция салынды, бұл  2022 жылдан  84  млн. теңгеге көбірек (2022 жылы-1730 млн.теңге). Жергілікті бюджет есебінен  432 млн.теңге салынды, кәсіпорындар қаражаты есебінен 1082 млн. теңге салынды, банктің несиелері мен басқа да қарыз қаражаттары 300 млн. теңгені құрады.

Құрылыс кешені қызметінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру.

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру 1667 шаршы метрді құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден 46 шаршы метрге көбірек.   НКИ 102,8 % құрады. 

2023 жылғы қаңтар-наурыз айлары ішінде  құрылыс жұмыстарының көлемі  218 млн. теңгені құрайды, бұл  2022 жылдан  55 ш.м. аз, НКИ 80,1 % құрады.   

Өмір деңгейі. Статистикалық деректер бойынша 2022 жылғы                   қаңтар-желтоқсанға орташа айлық жалақы 189599 теңгені құрады, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 38016 теңгеге немесе 25,1 % артық.

Дата публикации
06 июня 2023
Дата обновления
06 июня 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
16 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
Хабарлама
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын ауқымды түгендеу басталады
Ақпарат
04 августа 2026
Дауыс беру уақыты мен орны туралы

Социальные медиа

Facebooc; Федоров ауданының аппараты әкімі
Instagram;Федоров ауданы әкімінің аппараты

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы