Меню

Страницы

Статья

"Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ

Миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары

«Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауданның жер қатынастары обылсындағы басқару болып табылады.

Міндеттері:

1)    жер қатынастарын реттеу облысындағы біріңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

2) жер заңнамасының, жерлерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру жөніндегі облыстық (аудандық) атқарушы органдардың қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету;

3) жер реформаларын өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыру.

Функциялар:

1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

2) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

3) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

4) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

5) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

6) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

9) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

10) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;

12) аудандардың жер балансын жасау;

13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

14) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын беру;

15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

16) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

17) ауданның,жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

19) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

21) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарын жүзеге асыру.

 

Дата публикации
06 июня 2023
Дата обновления
06 июня 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
16 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
Хабарлама
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын ауқымды түгендеу басталады
Ақпарат
04 августа 2026
Дауыс беру уақыты мен орны туралы

Социальные медиа

Facebooc; Федоров ауданының аппараты әкімі
Instagram;Федоров ауданы әкімінің аппараты

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы