Республикада сайлауды дайындау мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады. Сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесі:
1) Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы;
2) аумақтық сайлау комиссиялары;
3) учаскелік сайлау комиссиялары.
Аумақтық сайлау комиссияларын Орталық сайлау комиссиясы, ал учаскелік сайлау комиссияларын – тиісті аумақтық сайлау комиссиялары құрады.
Орталық сайлау комиссияларын қоспағанда, сайлау комиссияларының құрамдарын тиісті мәслихаттар қалыптастырады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін тиісті мәслихаттар саяси партиялардың ұсыныстары негізінде сайлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Аумақтық сайлау комиссиялары облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен республика астанасының), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары болып табылады.
Аумақтық сайлау комиссиялары:
1) Президенттің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;;
2) жеті мүшеден құралады.
Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы:
әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында сайлау туралы заңдардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; Президентті, Парламент пен мәслихаттар депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды дайындау мен өткізуді қамтамасыз етеді. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауылдық округтер мен ауыл әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізуді ұйымдастыратын сайлау органдары облыстық, аудандық сайлау комиссиялары болып табылады.
Учаскелік сайлау комиссиялары тиісті сайлау учаскелерінде Президентті, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді.
Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын:тиісті сайлау учаскесіндегі сайлаушылар саны екі мыңға дейін болған кезде бестен жетіге дейін;тиісті сайлау учаскесіндегі сайлаушылар саны екі мыңнан астам болған кезде жетіден он бір адамға дейін айқындайды.
Федоров ауданында 38 сайлау комиссиясы: 1 аумақтық және 37 учаскелік. Сайлау комиссияларының барлық мүшелері 200 адам, оның ішінде аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері 7, учаскелік сайлау комиссиялары 193. 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша комиссияның 200 мүшесі бес саяси партияның ұсыныстары бойынша, үш қоғамдық бірлестіктің ұсыныстары бойынша сайланды. Оның ішінде "Нұр Отан" партиясынан - 38 комиссия мүшесі, "Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясынан" - 29, "Ауыл "халықтық – демократиялық патриоттық партиясынан - 37," Қазақстанның "Ақ Жол "демократиялық партиясынан - 33," Бірлік "саяси партиясынан - 30 комиссия мүшелері сайланды. Қоғамдық бірлестіктерден – 33.