БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Федоров аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2023 жылғы 22 қарашадағы № 82 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына
«Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Федоров аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2023 жылғы 22 қарашадағы № 82 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірленді.
Осы шешімнің жобасын әзірлеудің мақсаты Мемлекет басшысының 2025 жылғы 08 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі О.А. Бектеновтың 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 16-14/Б-65 әлеуметтік көмек түрлерін оңтайландыру бөлігіндегі тапсырмасын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың 89-тармағын орындау болып табылады.
Шешім жобасы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тармағына сәйкес әзірленді.
Былай айтқанда, шешім жобасының қабылдауы адамдардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау үшін қажет.
Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешім жобасы 2026 жылғы 20 наурызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Федоров ауданы әкімдігінің сайтында орналастырылған.