Федоров ауданының аумағында сібір жарасы көмілген жерлерді санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

ЖОБА

 

 

Федоров ауданының аумағында сібір жарасы көмілген жерлерді санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына,   «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес бірінші қауіптілік сыныбымен айқындалған Федоров ауданының аумағындағы сібір жарасы көмілген жерлерге санитарлық қорғау аймақтарының радиустары 1000 метрде белгіленсін.

  1. «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                              Т. Исабаев

 

 

Федоров ауданы әкімдігінің

2025 жылғы «___» _________№___

қаулысына   қосымша

 

 

Федоров ауданында орналасқан жер учаскелерінің тізімі

 

 

1)    Қостанай облысы, Федоров ауданы, Баннов ауылдық округі, Баннов ауылы мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 12:191:028:236, алаңы 0,01 гектар, қолданыстағы сібір жаралы қабірлерді орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

2)    Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылдық округі, Владыкин ауылы мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 12:191:035:675, алаңы 0,0100 гектар, қолданыстағы сібір жаралы қабірлерді орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

3)    Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылдық округі, Жаркөл ауылы мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 12:191:002:822, алаңы 0,0100 гектар, қолданыстағы сібір жаралы қабірлерді орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

4)    Қостанай облысы, Федоров ауданы, Костряков ауылдық округі, Запасное ауылы мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 12:191:010:168, алаңы 0,0049 гектар, қолданыстағы сібір жаралы қабірлерді орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

5)    Қостанай облысы, Федоров ауданы, Қосарал ауылдық округі, Кеңарал ауылы мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 12:191:015:402, алаңы 0,01 гектар, қолданыстағы сібір жаралы қабірлерді орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

6)    Қостанай облысы, Федоров ауданы, Костряков ауылдық округі, Костряков ауылы мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 12:191:008:725, алаңы 0,01 гектар, қолданыстағы сібір жаралы қабірлерді орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

7)    Қостанай облысы, Федоров ауданы, Қоржынкөл ауылдық округі, Лесное ауылы мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 12:191:041:166, алаңы 0,01 гектар, қолданыстағы сібір жаралы қабірлерді орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

8)    Қостанай облысы, Федоров ауданы, Воронеж ауылдық округі, Лысановка ауылы мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 12:191:037:750, алаңы 0,0100 гектар, қолданыстағы сібір жаралы қабірлерді орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

9)    Қостанай облысы, Федоров ауданы, Қоржынкөл ауылдық округі, Малороссийка ауылы мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 12:191:043:155, алаңы 0,0100 гектар, қолданыстағы сібір жаралы қабірлерді орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

10)       Қостанай облысы, Федоров ауданы, Камышин ауылдық округі, Мирное ауылы мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 12:191:022:132, алаңы 0,01 гектар, қолданыстағы сібір жаралы қабірлерді орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

11)       Қостанай облысы, Федоров ауданы, Новошумное ауылы мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 12:191:012:235, алаңы 0,01 гектар, қолданыстағы сібір жаралы қабірлерді орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

12)       Қостанай облысы, Федоров ауданы, Первомай ауылдық округі, Первомай ауылы мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 12:191:039:663, алаңы 0,01 гектар, қолданыстағы сібір жаралы қабірлерді орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

13)       Қостанай облысы, Федоров ауданы, Камышин ауылдық округі, Чистый Чандак ауылы мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 12:191:025:529, алаңы 0,01 гектар, қолданыстағы сібір жаралы қабірлерді орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі.

 

 

Федоров ауданының аумағында сібір жарасы көмілген жерлерді санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы
Дата публикации
25 сентября 2025