Құрметті азамат!
2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша референдум өтеді. Дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасының азаматтары өз пікірлерін білдіре алады.
Референдумға қатысуға конституциялық құқығыңызды жүзеге асырудың кепілі – Сіздің азаматтар тізіміне енгізілуіңіз болып табылады. Тізімдерді жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) нақты учаске аумағында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жасайды. Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар тұрған жері бойынша әкімдікке өтініш беру негізінде тізімге енгізіледі.
Егер Сіз референдум күні тіркелген жеріңіздегі дауыс беру учаскесіне келе алмасаңыз, дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігін алу үшін учаскелік референдум комиссиясына жүгіне аласыз.
Бұл құқықты пайдалана алады:
Азамат тек бір ғана азаматтар тізіміне енгізілуі мүмкін.
Азаматтар тізіміне енгізу және шығару, сондай-ақ деректеріңізді нақтылау мәселелері бойынша Call-орталыққа мына телефондар арқылы хабарласа аласыздар:
8-714-42-2-14-43
2026 жылғы 27 ақпаннан бастап Сіз өз учаскеңіздегі азаматтар тізімінен өзіңіз туралы мәліметтерді тексере аласыз.
Федоров ауданы әкімінің аппараты