ЖОБА
Федоров ауданы әкімдігінің «Федоров
ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін
қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы»
2022 жылғы 14 ақпандағы № 25 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Федоров ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) Осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Аудан әкімі Т. Исабаев
Әкiмдіктің
2026 жылғы «__» ______ № __
қаулысымен бекітілді
Федоров ауданы бойынша коммуналдық
көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары
1) жылумен жабдықтау – жылу энергиясын және (немесе) жылу жеткізгішті өндіру, беру, бөлу және тұтынушыларға сату жөніндегі қызмет;
2) электрмен жабдықтау – электр энергиясын өндіру, беру және тұтынушыларға сату жөніндегі қызмет;
3) сумен жабдықтау – суды жинауды, сақтауды, дайындауды, беруді және сумен жабдықтау жүйесі арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
4) су бұру – сарқынды суларды жинауды, тасымалдауды, тазартуды және су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне және (немесе) жер бедеріне бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жиынтығы;
5) газбен жабдықтау – тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу саласындағы қызмет;
6) тұрмыстық қатты қалдықтар – қатты нысандағы коммуналдық қалдықтар;
7) коммуналдық қалдықтар – елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекетінің нәтижесінде пайда болатын тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен пайда болу сипаты бойынша оларға жақын өндірістік қалдықтар;
8) коммуналдық көрсетілетін қызметтер – тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқыс әкетуді, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын қызметтер;
9) жеткізуші – меншік нысанына қарамастан, бекітілген шартқа сәйкес тұтынушыларға коммуналдық қызметтер көрсететін заңды немесе жеке тұлға;
10) тұтынушы – коммуналдық көрсетілетін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалану ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;
11) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
12) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);
13) үйге ортақ инженерлік жүйелер – көппәтерлі тұрғын үйде пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың шегінен тыс жердегі немесе ішіндегі және екі және одан көп пәтерге, тұрғын емес үй-жайға қызмет көрсететін суық және ыстық сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, түтін жою, өрт дабылы, ішкі өртке қарсы су құбыры, жүк және жолаушы лифтілері (көтергіштер), қоқыс әкету, ауабаптау, желдету, жылуды реттеу және вакуумдау жүйелері;
14) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісі – тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер;
15) сервистік қызмет субъектісі – жасалған шарт негізінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
16) есепке алу аспабы – коммуналдық көрсетілетін қызметтерді жеке және (немесе) үй бойынша ортақ тұтынуды коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
17) уәкілетті орган – тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
18) төлем құжаты – өнім берушінің ұсынған көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) үшін төлемді жүзеге асыру үшін жасалған, соның негізінде төлем жүргізілетін құжат (электрондық шот-фактура, шот, хабарлама, түбіртек, оның ішінде бірыңғай төлем құжатының құрамында, ескерту-шот, талап, талап-арыз);
19) тұрмыстық тұтыну – коммуналдық көрсетілетін қызметтерді кәсіпкерлік қызметте пайдалану және оларды одан әрі өткізу мақсатында емес, тұтынушылардың тұрмыстық мұқтаждығы үшін тұтыну.
ұсынудың тәртібі мен шарттары
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын коммуналдық қызметтерге ақы төлеу тәртібі мүлік меншік иелерінің жиналысымен шешіледі.
Мүліктің меншік иелері бірлестіктері немесе жай серіктестіктер немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушылар немесе басқарушы компаниялар арасында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдармен ынтымақтастық туралы шарттар жасалады.
Сервистік қызмет субъектілерімен мүліктің меншік иелері бірлестіктері немесе жай серіктестіктер немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушылар немесе басқарушы компаниялар шарттар жасалады.
Егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы жеткізуші мен тұтынушы арасындағы шарт қолданыстағы заңнамаға қайшы келмеуі тиіс және белгісіз мерзімге жасалған болып саналады.
1) жылумен жабдықтау – пәтерлердегі, тұрғын емес үй-жайлардағы ауа температурасын айқындайтын санитариялық нормаларға сәйкес, сондай-ақ температура кестесіне – жылыту маусымы ішінде тәулік бойы;
2) электрмен жабдықтау – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген электр энергиясының сапасына сәйкес – жыл ішінде тәулік бойы;
3) суық және ыстық сумен жабдықтау – Қазақстан Республикасының заңнамасында, санитариялық қағидаларда және мемлекеттік стандарттарда белгіленген берілетін судың сапасына сәйкес – жыл ішінде тәулік бойы;
4) су бұру – сарқынды суларды су бұру жүйелеріне толық бұруды қамтамасыз ету – жыл ішінде тәулік бойы;
5) газбен жабдықтау – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген техникалық талаптарға сәйкес және шарттарда белгіленген толық көлемде;
6) тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс әкету) – санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жергілікті атқарушы орган белгілеген кесте бойынша немесе жасалған шарттарға сәйкес.
және ұсыну процесін реттеудің тәртібі
Сервистік қызмет субъектісімен шарт болмаған жағдайда, мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы не көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания үйге ортақ инженерлік жүйелерін, жылуды тұтыну жүйелерін сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ меншігі болып табылатын есепке алу аспаптарын техникалық күйінде ұстауды қамтамасыз етеді.
сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша – тараптардың келісімімен белгіленетін міндеттер белгісі (оларды пайдалану үшін жауапкершілік) бойынша сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінің элементтерін бөлу орны. Мұндай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы теңгерімдік тиесілілікті бөлу шекарасы бойынша белгіленеді.
Кондоминиум объектілеріндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы:
сумен жабдықтау бойынша – ғимаратта су құбырын енгізудегі бірінші ысырманың бөлуші фланеці;
су бұру бойынша – елді мекеннің су бұру желілеріне қосылған жердегі құдық;
жылумен жабдықтау бойынша – жылу энергиясы көзі тарапынан басқару торабының кіру ысырмаларының бірінші бөлу фланеці немесе дәнекерленген жік бойынша айқындалады;
электрмен жабдықтау бойынша – кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларын күтіп-ұстау, оларға қызмет көрсету және олардың техникалық жағдайы үшін:
1) әуелік тармақталу кезінде – тіреулерге орнатылған өтпелі және соңғы оқшаулағыштағы қоректендіру желісін қосу түйіспесінде;
2) кабельдік ену кезінде – ғимаратқа кірердегі қоректендіру кабелінің ұштарындағы бұрандалы қосылыстарда белгіленеді.
1) өз өмiрi мен денсаулығына қауiпсiз, мүлкiне зиян келтiрмейтiн белгiленген сападағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді алады;
2) көрсетілетін қызметтерге бағаларды (тарифтерді) белгілеу тәртібі туралы ақпаратты осы көрсеткіштерді бақылайтын тиісті мемлекеттік органдардан алады;
3) жеткізушінің кінәсінен болған коммуналдық қызметтерді көрсетудегі кемшіліктер салдарынан өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген шығын мен залалдың толық өтелуін, сондай-ақ моральдық залалдың орнын толтыруды жеткізушіден талап етеді;
4) жеткізушіден жылу энергиясымен, электр энергиясымен және сумен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді қайта есептеуді және шарттың талаптарына сәйкес коммуналдық көрсетілетін қызметтерді жеткізбеу немесе сапасыз жеткізу нәтижесінде келтірілген нақты залалды өтеуді талап етеді;
5) уақтылы ақы төлеген кезде өзіне қажетті көлемде энергия мен суды пайдаланады және техникалық шарттарға сәйкес қосу үшін рұқсат етілген қуаттан артық пайдаланбайды;
6) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларымен белгіленген тәртіппен, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы өтініш беру жолымен энергиямен жабдықтаушы ұйымды ауыстырады;
7) аварияларды жою, есепке алу аспаптарын тексеру, есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қарау және алу үшін жеткізушінің өкілдеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
8) коммуналдық қалдықтардың түріне және құрамына қарай оларды жеке жинау кезінде контейнерлерде және қалдықтардың жекелеген түрлеріне арналған басқа контейнерлерде сақтауды жүзеге асырады.
1) көрсетілетін коммуналдық қызметтер үшін тұтыну көлемін және төлемақыны бақылауды жүзеге асырады;
2) тұтынған қызметтер үшін тұтынушыға, оның ішінде жасалған шарттар негізінде үшінші тұлғалар, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттық объектілер арқылы төлем құжатын қағазда немесе электрондық түрде ай сайын береді;
3) тұтынушыны көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер, төлем шарттары, көрсетілетін қызметтерді ұсыну режимі, олардың тұтынушылық қасиеттері, жеткізушінің диспетчерлік, авариялық-диспетчерлік қызметінің мекенжайлары мен телефон нөмірлері туралы Интернет желісіндегі өнім берушінің сайтында не тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы не барлық тұтынушылар үшін қолжетімді жерде өнім берушінің үй-жайында орналасқан хабарландыру тақталарында мәліметтерді ұсыну жолымен хабардар етеді;
4) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінде одан әрі орналастыру мақсатында, электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған түрде жинау, талдау және сақтау, олардың сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету үшін тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы ай сайын көрсетілген коммуналдық қызметтердің төлем құжаттары, саны мен көлемі туралы ақпаратты ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін коммуналдық қызметтердің әрбір түрі бойынша тұтынушымен жеке және (немесе) жария шарттар жасасады;
6) тұтынушыға ұлттық, мемлекеттік стандарттарға, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, техникалық регламенттерге және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келетін коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынады;
7) тұтынушы қызметтер көрсету сапасын төмендету туралы өтініш берген күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде, сапаны қалпына келтіреді және қайта есептеу үшін барлық шараларды қабылдайды;
8) өзге тұтынушылардың талаптарды орындамау себебі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген себептер бойынша коммуналдық қызметтер көрсетуден бас тартпайды немесе тұтынушыға коммуналдық көрсетілетін қызметтерді алуға шектеу қоймайды;
9) тұтынушыға артық параметрлермен босатылған энергия мен су үшін қосымша ақы алмайды.
үшін есеп айырысу және ақы төлеу тәртібі
4-1. БЕО-ның талаптары мен жұмыс тәртібі
30-1. Жергілікті атқарушы органдар заңнаманың талаптарына сәйкес келетін бекітілген өлшемшарттар негізінде, БЕО іріктеу жөніндегі конкурсты ұйымдастырады;
30-2. Әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында қызметін облыс шегінде, оның қалаларын, аудандарын, аудандық маңызы бар қалаларын және ауылдық елді мекендерді қоса алғанда, жүзеге асыратын бір немесе бірнеше БЕО жергілікті атқарушы орган болып айқындалуы мүмкін. БЕО жеткізушілерден барлық есептеулерді тұтынушыға ұсынылатын бір төлем құжатына біріктіреді. БЕО-ны айқындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады;
30-3. БЕО шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды қоса алғанда, кәсіпкерлік қызмет субъектілері нысанында не заңнамада және жергілікті атқарушы органдардың шешімдерінде көзделген өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады.
30-4. БЕО абоненттердің дерекқорына қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, тұтынушылар үшін жеке кабинеттер ашады, жеткізушілерге есеп беруді қалыптастырады және ұсынады, ай сайын жоспарлы есептеулер мен нақты төлемдер туралы ақпаратты беруді жүзеге асырады, сондай-ақ «Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-мен» интеграциялау арқылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптарды сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ақпараттық қауіпсіздікті ескере отырып тұтынушылар туралы деректерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
30-5. БЕО жеткізуші ұсынған есеп айырысу шоттары туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады;
30-6. БЕО биллингтік жүйені пайдаланады не функцияларды белгіленген талаптарға сәйкес тиісінше орындауды қамтамасыз ететін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдары мен білікті мамандары бар сыртқы ұйымды (биллингтік компанияны) тартады;
30-7. БЕО жеткізуші ұсынған ақпараттың және ұсынылған шоттардың сәйкестігіне толық жауапты болады;
30-8. Есептеулердің дұрыстығын жоспарлы ішкі тексерулер тоқсанына кемінде бір рет, жоспардан тыс тексерулер - тұтынушылардан немесе уәкілетті органдардан өтініштер келіп түскен кезде жүргізіледі;
30-9. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда БЕО бастама жасайды:
1) анықталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бұзушылықтарды тіркеуге;
2) анықталған бұзушылықтарды негіздей отырып, тиісті құрылымдық бөлімшелерге хабарлама жіберуге;
3) тиісті шотты түзетуге бастамашылық етуге;
30-10. Қателер мен сәйкессіздіктер анықталған кезде олар туралы ақпарат, сондай-ақ тексеру нәтижелері ішкі талаптарға сәйкес тіркеуге және құжаттамалық ресімдеуге жатады;
БЕО міндетті:
1) шоттарды ұсынудың ішкі рәсімін қайта қарауды жүргізуге;
2) тиісті ішкі талаптарды қайта қарауға бастамашылық жасауға;
3) қателер мен сәйкессіздіктер анықталған жағдайларда тіркеу журналына және сәйкессіздік туралы актіні немесе ішкі қызметтік есепті ресімдей отырып, сәйкессіздіктерді тіркеуге;
30-11. Барлық тексерулердің нәтижелері құжатпен ресімделуге және жүргізілген күннен бастап кемінде үш жыл бойы сақталуға тиіс;
30-12. БЕО-ға қойылатын талаптар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркеу;
2) ол ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган беретін сәйкестік аттестатымен немесе өзі аккредиттеген ұйым берген сәйкестік сертификатымен расталуға тиіс ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Бірыңғай талаптарға сәйкес пайдаланылатын есепке алу және есеп айырысу процестерін автоматтандыру үшін қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің болуы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ақпараттық коммуникациялық технологиялар және ақпараттық-қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтау;
4) кемінде екі екінші деңгейдегі банкпен жасалған келісімдердің болуы;
5) тұтынушылардың дербес деректерін қорғау тетіктерінің болуы.
30-13. БЕО функциялары:
1) белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес әртүрлі байланыс арналары арқылы нақты уақыт режимінде тұтынушыларды консультациялық қолдауды қамтамасыз ету;
2) міндетті түрде хабардар ете отырып және бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен азаматтардың шағымдары мен өтініштерін он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарау;
3) БЕО-ның ресми сайттарында және ақпараттық ресурстарында жариялау:
а) басқару органдарының ұйымдық құрылымы мен құрамы туралы мәліметтер;
б) пайдаланылатын технологиялық шешімдер мен ақпараттық жүйелердің тізбесі;
в) деректер қауіпсіздігін және жүйенің істен шығуға төзімділігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
г) төлемдер, пайдаланушылар саны және жұмыс тиімділігінің негізгі көрсеткіштері туралы жалпы ақпарат;
д) жергілікті атқарушы органдардың және басқа да уәкілетті органдардың сұрау салуы бойынша шотта көрсетілген коммуналдық қызметтер бойынша берешек туралы ақпарат.
30-14. БЕО қызметінің нәтижелілігін бағалау:
1) БЕО қызметінің нәтижелілігін бағалау үшін сапа мен қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына қол жеткізуге, есеп айырысу мерзімдері мен дәлдігін сақтауға, сондай-ақ тұтынушылардың қанағаттануына бағытталған бағдарлар белгіленеді;
2) Нәтижелілікті бағалау мынадай аспектілерді қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді:
а) қызмет көрсету сапасы және тұтынушылардың сауалдары мен шағымдарына жауап беру уақыты;
б) ұсынылған шоттардың дұрыстығы мен уақтылылығы пайызы;
в) деректердің қауіпсіздігі және дербес деректерді қорғау деңгейі;
г) тұтынушылардың ұсынылатын қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі;
д) қызметтерді тұтыну туралы алынған деректерді ескере отырып, есептеулер мен түзетуші есептерді уақтылы ұсыну;
е) тұрғындарға шоттарды төлеудің әртүрлі тәсілдерін қамтамасыз ету үшін екінші деңгейдегі банктермен және төлем ұйымдарымен шарттардың және интеграцияның болуы.
3) Жергілікті атқарушы органдар БЕО-мен шарттық қатынастар шеңберінде белгіленген бағдарларға қол жеткізуді бақылауды жүзеге асырады;
4) Мониторинг және шарттардың орындалуын орындау нәтижелері БЕО-ның ресми ресурстарында тұрақты есеп беруге және жариялауға жатады;
5) Әрбір бағыт үшін нормативтік құқықтық актілерге, БЕО ішкі регламенттеріне және шарттық міндеттемелерге сәйкес нақтыланатын нысаналы мәндер белгіленеді;
6) БЕО қызметінің нәтижелілігін бағалау бір күнтізбелік жыл ішіндегі деректер негізінде жүргізіледі. Белгіленген бағдарлар мен бағалаудың оң нәтижелеріне қол жеткізілген жағдайда, тиісті шарттық қатынастардың қолданылу кезеңі келесі бес жылға ұзартылуы мүмкін.
Тұтынушы өзі өтініш жасаған кезде түскен өтінішті тіркеу сәтінде өтініштің көшірмесіне тіркеу нөмірі, өтініштің берілген күні мен уақыты жазылады, оны қабылдаған жеткізуші өкілінің қолы қойылады.
Өнім беруші өтінімде (телефонограммада) көрсетілген нормалардан коммуналдық көрсетілетін қызметтер сапасының ауытқуы (үзілісі) туралы журналдағы белгілерді салыстырады және келіспеушіліктер болмаған жағдайда коммуналдық көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуді оны нақты тұтынуына сәйкес жүргізеді.
1) коммуналдық қызметтер көрсетуден бас тартудың (ажыратудың) немесе оны сапасыз жеткізуің басталған уақыты;
2) коммуналдық көрсетілетін қызметтер сапасы нашарлауының сипаты;
3) өтінім берудің уақыты және оны тіркеу нөмірі (жеткізушінің журналы бойынша);
4) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді қалпына келтіру уақыты (оның сапасының қалыпқа келуі);
5) коммуналдық көрсетілетін қызметтер болмаған (сапасының нашарлаған) кезеңі.
Актіге тұтынушы және кемінде екі адам, оның ішінде: үй кеңесінің мүшелері, мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы не басқарушы компанияның өкілі не көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы қол қояды және жеткізушіге жіберіледі. Егер дау тараптардың келісімі бойынша шешілмесе, тұтынушы сотқа жүгінуге құқылы.
Тұтынушы қол қоюдан бас тартса да, бірақ кем дегенде үш адамнан тұратын комиссия тіркеуге жататын болса, акт жарамды болып саналады: жеткізушінің өкілдері, үй кеңесі және меншік иелері қауымдастығының төрағасы немесе қарапайым серіктестіктің өкілі немесе көп пәтерлі үйдің менеджері немесе басқарушы компанияның өкілі.
Акт тұтынушының қолдары болғанда жарамды болады. Акт тұтынушы қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оны кемінде үш адамнан: жеткізушінің өкілі, үй кеңесінің мүшелерінен, мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасынан немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамынан не басқарушы компанияның өкілінен не көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыдан тұратын комиссия ресімдеген жағдайда жарамды болып табылады.
Тараптардың келісімі бойынша дау реттелмеген жағдайда күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін жеткізуші тұтынушыдан талап етілген соманы өндіріп алу туралы сотқа талап-арыз береді.
Осы Қағидалардан басқа жеткізушілер мен тұтынушылар энергетика, жылумен, сумен жабдықтау, су бұру, газбен жабдықтау, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму саласындағы нормативтік құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.