«Қостанай облысы әкімдігі ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ «Федоров аудандық мемлекеттік архиві» филиалы 2025 жылғы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпараты

«Қостанай облысы әкімдігі ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ «Федоров аудандық мемлекеттік архиві» филиалы 2025 жылғы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпараты  

 

 

Мемлекеттік архивтердің қызметінің негізгі бағыттарының бірі «Архивтік  анықтамалар, архив  құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызметін көрсету болып табылады.

 Мемлекеттік қызмет - азаматтардың өтініші бойынша немесе өтінішсіз, жеке тәртіпте жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, сондай-ақ тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді ұсынуға бағытталған мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру нысандарының бірі болып табылады («Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы). Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес «Архивтік  анықтамалар, архив  құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызметін алу үшін жеке және заңды тұлғалар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне өтінішпен жүгінеді, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы немесе  «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш бере алады.

Инновациялық технологиялардың қарқынды дамуына және олардың кеңінен  еңгізілуіне байланысты қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі мемлекеттік органдар «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-қимылдарды бастауға негіз -  үшін қызмет алушының өтініші мен құжаттарын қызмет көрсетушінің қабылдауы болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі-11 жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі  қағаз жеткізгіште «Архивтік  анықтамалар, архив  құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділерді беру» не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2025 жыл Федоров аудандық мемлекеттік архиві қызмет алушыларға «Архивтік  анықтамалар, архив  құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызметі бойынша барлығы 957 қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің саны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 0 (0%)  «электрондық үкіметтің» веб-порталы – 618, бұл 64,6 %, кеңсе-339, бұл 35,4 %.

957 өтініштің ішінде жеке тұлғаларға 669 қызмет көрсетілді, бұл 69,9%, заңды тұлғаларға - 288 (30,1%). Өтініш берушілердің – 815 (85,1%) оң жауап берілді, 78 (74,6 %) қызмет алушыға теріс жауап берілді, сақтауда жоқтығы туралы жауаптар- 62, (6,5%) өтініш бойынша берілді, жалпы өтініш санына шыққанда. Құзіретіне жататыны бойынша жауап 1 сұрау салу бойынша берілді, пайыздық үлесі 0,1% - ға тең.

Түсетін сұраулардың басым бөлігі азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және еңбек өтілін, жалақы мөлшерін, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударуын растауға, ұйымдардың атауын өзгертуге, сондай-ақ отбасы құрамы, білім, марапаттар, нотариаттық іс-әрекеттер және т. б. бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметке қатысты болады. Есепті жыл ішінде «Архивтік  анықтамалар, архив  құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызметін көрсету мерзімдерінің бұзулуы анықталған жоқ. Мемлекеттік архив филиалының басшысы «Архивтік  анықтамалар, архив  құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ай сайын мониторинг пен бақылау жүргізеді.

Халықтың хабардарлығын арттыру және 2025 жыл ішінде электрондық қызметтер көрсету үлесін ұлғайту мақсатында өңір тұрғындарына «Архивтік  анықтамалар, архив  құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызметін алу бойынша түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырып, өткізілді:

- электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2 семинар-кеңес «Архивтік  анықтамалар, архив  құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділерді беру»;

- Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы Федоров аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімі филиалының мамандарының қатысуымен «Архивтік  анықтамалар, архив  құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділерді беру» мәселелері бойынша 2 дөңгелек үстел отырысы өткізілді;

- халық арасында «Архивтік  анықтамалар, архив  құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызметін алу туралы брошюралар мен парақшалар тарату бойынша 4 акция өткізілді;

- Федоров ауданы әкімі сайтына мемлекеттік қызмет бойынша 1 есеп орналастырылды;

-  «Архивтік  анықтамалар, архив  құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 1 тікелей эфир өткізілді;

- Мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған 1 тақырыптық экскурсия өткізілді;

- «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясындағы «Абай атыңдағы» ЖББМ, «М. Мәметова атыңдағы» ЖББМ, «Ы.Алтынсарин атыңдағы» ЖББМ, «Федоров ауыл шаруашылығы колледжі» білім алушылармен 1 тақырыптық экскурсия өткізілді;

 - Ведомстволық архив қызметкерлерімен іс жүргізу бойынша 1 семинар өткізілді;

 - 1 мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды;

- Федоров аудандық мемлекеттік архивінде Архивтердің халықаралық күніне арналған жұртшылықпен 1 кездесу өткізілді;

- 1 ашық есік күні өткізілді;

- «Архивтік  анықтамалар, архив  құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету туралы 16 ақпарат әлеуметтік желілерде орналастырылды, 4-еуі сайтта, 16-Insagram әлеуметтік желісінде.

Архив мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің қолжетімділігіне халықтың қанағаттанушылығын арттыру үшін архивте egov.kz. портал арқылы өтініштер беру және мемлекеттік қызметтерді алу үшін өзіне өзі қызмет көрсету бөлімі бар. ЭЦҚ алу "Архивтік  анықтамаларды, архив  құжаттардың көшірмелерін немесе архив үзінді көшірмелерді беру" мемлекеттік қызметін алу бойынша нұсқаулықтар да «Өтініш берушінің бұрышы – Уголок заявителя» стендінде орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы толығырақ ақпарат Қостанай облысы әкімдігі ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі бойынша сұрақтарының болса "Қостанай облысының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Федоров аудандық мемлекеттік архиві" филиалына келесі мекен-жайы бойынша хабарласа аласыз: Федоровка ауылы, Абай көшесі, 8. Телефон: 8-71442-22147.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орын. Г. Хасенова

 

«Қостанай облысы әкімдігі ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ «Федоров аудандық мемлекеттік архиві» филиалы 2025 жылғы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпараты
Дата публикации
10 февраля 2026