2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқаны кезеңіне Федоров аудандық сайлау комиссиясы мүшелерінің міндеттерін атқаруды және тағайындауды тоқтата тұру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабының 12-тармағына сәйкес және "Нұр Отан" партиясының Федоров аудандық филиалы ұсынған Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі партиялық тізімді тіркеу негізінде Қостанай облыстық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқаны кезеңінде партиялық тізім тіркелген күнінен бастап Федоров аудандық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Вадимовна Кулбулованың міндеттерін атқару тоқтатыла тұрсын.
  2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқаны кезеңіне Федоров аудандық сайлау комиссиясының құрамына партиялық тізім тіркелген күнінен бастап Жуган Виктория Владимировна тағайындалсын.
  3. Осы қаулы Федоров аудандық сайлау комиссиясына жолдансын.
  4. 4. Осы қаулы Қостанай облыстық және Федоров аудандық сайлау комиссиясының интернет – ресурсында орналастырылсын.
2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқаны кезеңіне Федоров аудандық сайлау комиссиясы мүшелерінің міндеттерін атқаруды және тағайындауды тоқтата тұру туралы
Дата публикации
23 ноября 2020