Жоба
Федоров ауданының коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорындарының иелігінде қалған таза
кірістің бір бөлігін бөлу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 2-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын атқарушы органдар Федоров ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары таза кірісінің бір бөлігін мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісі сомасының 50 пайызы мөлшерінде аудару нормативі белгіленсін.
- осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
- осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Аудан әкімі Т. Исабаев