Жоба
Федоров ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 81
«Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза
кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы»
қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Федоров ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 81 «Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7709 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғанынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Исабаев