Учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерінің міндеттерін орындауды тоқтата тұру туралы

Учаскелік сайлау комиссияларының

кейбір мүшелерінің міндеттерін

орындауды тоқтата тұру туралы  

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабының 12-тармағына сәйкес Федоров аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқаны кезеңінде учаскелік сайлау комиссияларының мынадай мүшелерінің міндеттерін атқару тоқтатыла тұрсын:

1)   Зауер Инесса Олеговнаның, № 792 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы.

2)  Деряга Оксана Александровнаның, № 807 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы.

  1. Осы қаулы Қостанай облыстық сайлау комиссиясына жолдансын.
  2. Осы қаулы Федоров аудандық сайлау комиссиясының интернет – ресурсында орналастырылсын.

Аудандық сайлау

комиссиясының төрайымы                                             Т. Волоткевич

Аудандық сайлау

          комиссиясының хатшысы                                                О. Рубе

 

 

Учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерінің міндеттерін орындауды тоқтата тұру туралы
Дата публикации
23 ноября 2020