2025 – 2027 жылдарға арналған
Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің
нақтыланған азаматтық бюджеті
Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті Вишневый ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.
Бұл құжат «бюджетті жоспарлау» бөлімін, «әлеуметтік - экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.
Ауылдық округ бюджеті-бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесс - Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.
Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихат сессиясының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 158 шешімімен бекітілген.
Бюджеттің көлімі
Тыс. тенге
|
атауы
|
2024 жыл факт
|
2025 жыл болжау |
2026 жыл болжау |
2027 жыл болжау |
|
1 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Түсімдер-барлығы |
34612,0 |
29513,6 |
29002,0 |
29781,0 |
|
Меншікті кірістер, оның ішінде: |
3124 |
8166,0 |
8520,0 |
8570,0 |
|
Салықтық түсімдер |
3108,0 |
7921,3 |
8504,0 |
8554,0 |
|
Салықтық емес түсімдер |
16,0 |
196,7 |
16,0 |
16,0 |
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
0 |
48,0 |
0 |
0 |
|
Жоғары тұрған басқару органдарынан түсетін трансферттер, оның ішінде: |
31488,0 |
21347,6 |
20482,0 |
21211,0 |
|
Субвенциялар |
22194,0 |
20085,0 |
20482,0 |
21211,0 |
|
Республикалық бюджеттен трансферттер |
9294,0 |
1262,6 |
0 |
0 |
Вишневый ауылдық округінің бюджетіне 2025 жылға салық
түсімдерінің құрылымы
Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі бюджетінің шығыстары
|
атауы |
2024 жыл факт |
2025 жыл болжау |
2026 жыл болжау |
2027 жыл болжау |
|
Шығындар-барлығы,
оның ішінде: |
37565,4 |
32326,7 |
29002,0 |
29781,0 |
|
Мемлекеттік қызметтер |
20077,5 |
21528,9 |
22426,0 |
22904,0 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
14605,3 |
10025,6 |
5746,0 |
5989,0 |
|
Көлік және коммуникация |
2130,7 |
772,0 |
830,0 |
888,0 |
Вишневый ауылдық округінің бюджет қаражатын жұмсаудың 2025 жылға арналған негізгі бағыттары