2025 жылға арналған "Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" жұмыс жоспары

 

Бүгінгі күні мәдениет пен мәдени әлеуетті дамыту әлемнің көптеген халықтары мен мемлекеттерінің негізгі даму басымдықтарының қатарына жатады. Мәдениеттің даму деңгейі, жалпыұлттық және әлемдік мәдени мұраны сақтап қалу мен байытуды, сапалы мәдени құндылықтардың жасалуын, таратылуы мен қолданылуын, жемісті мәдени алмасу мен тұлғаның рухани-шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетуін қамтамасыз ететін, тиімді жұмыс істейтін мәдени институттар инфрақұрылымы мен тетіктерінің болуы табыстың аса маңызды өлшемшарттарының бірі болып табылады.  

Табысты мемлекеттің мәдени саясаты жасампаз құндылық бағдарларын қалыптастыру негізінде қоғамның орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталады және қоғам мен мемлекеттің тыныс-тіршілігінің барлық маңызды аспектілерін дамытудың сапалы өлшемі болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы

             

              Бөлімнің миссиясы: мәдениет пен өнердің баюына үлесін қосатын мәдениет ортасын сақтау, дамыту, әлемдік және отандық классика мен қазіргі заманның жетістіктерін насихаттау.

              Мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру, мемлекеттік тілді және ауданда тұратын басқа да этникалық топтардың тілдерін қарқынды дамыту.

 

Міндеттері:

1) мәдениет саласында сапалы және қол жетімді қызмет көрсетуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімділігін арттыру;

2) Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжаттарына сәйкес, басқарушылық қызметінің тиімділігін арттыру;

3) мәдениет қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру;

4) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды және материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және нығайтушы функцияларын кеңейту.

 

            Мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері, қағидаттары мен тәсілдері мәдениетті басқару органының басқару қызметінің негізі болып табылады:

  1. өзара байланыста мәдениеттің барлық бағыттарын дамытудың жүйелілігі мен кешенділігі;
  2. елдің мәдени және тілдік әралуандығын құрметтеу, көпэтносты Қазақстанның мәдениетін, дәстүрлерін, тілдерін қолдау және дамыту;
  3. Жаһандық әлемдегі отандық мәдениеттің өзіндік ерекшелігін айқындайтын жалпыұлттық мәдени мұраның басымдығы;
  4. тарихи сабақтастық және мәдениеттің үдемелі дамуының үздіксіздігі;
  5. шығармашыл тұлғаның және мәдени өзін-өзі көрсету нысандарының еркіндігі;
  6. Қазақстан халқының мемлекеттік және басқа тілдеріне құрметпен қарау.

 

Мәдениет бөлімінің негізгі қызметі бағытталады:

  1. мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызметтер көрсетуге бағытталған Мемлекет Басшысының тапсырмаларын, мемлекеттік бағдарламаларды, өңірлік жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жүйелі шараларды қамтамасыз ету;
  2. кадрлық әлеуетті дамыту, мәдениет қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің өсуін ынталандыруға бағытталған басқару механизмдерін жетілдіру;
  3. мәдениет ұйымдарының қызметін ғылыми-әдістемелік және практикалық қолдауды жетілдіру;
  4. ауданның барлық елді мекендерін қамти отырып, көркемөнерпаздар халық шығармашылығын дамыту және мәдени-демалыс іс-шараларын өткізу;
  5. тарихи-мәдени мұраларды зерделеу, сақтау және насихаттау;
  6. мәдениет мекемелерінің инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;
  7. кітапханалардың қызметін одан әрі жаңғырту;
  8. мәдениет мәселелері бойынша шығармашылық бірлестіктермен тұрақты өзара іс-қимылды және әріптестікті қалыптастыру;
  9. балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыруды қамтамасыз ету;
  10. латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту;
  11. қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, тіл мәдениетін одан әрі арттыру және тіл капиталын дамыту.
2025 жылға арналған "Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" жұмыс жоспары
Дата публикации
11 ноября 2025