Федоров ауданы Қоржынкөл, Костряков ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындысы бойынша хабарлама

ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 12 қазанда күні екі сайлау округ бойынша Федоров ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9)-тармақшасына, 44-бабы 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес Қостанай облысы Федоров ауданы ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Қоржынкөл сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 576 сайлаушы енгізілді, олардың 359 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 2, «Барлығына қарсы» деген жолға белгі қойылған – 4.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

          Куантаев А.Д. – 40; Муканов К.А. – 43; Уристимбаев А.Т. – 270.   

          Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің әкімі болып  сайланған Уристимбаев Анатолий Тохтарбаевич, 1977 жылы туған, "Уристимбаев А. Т." шаруа қожалығының басшысы, Федоров ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Костряков сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 885 сайлаушы енгізілді, олардың 576 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 4, «Барлығына қарсы» деген жолға белгі қойылған – 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бекмухамбетова И.А. – 67; Гончарук С.А. – 444; Хакимова Э.С. – 56.

Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің әкімі болып  сайланған Гончарук Светлана Александровна, 1993 жылы туған, Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің әкімі, Костряковка ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған.

                   Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Федоров ауданы Қоржынкөл, Костряков ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындысы бойынша хабарлама
Дата публикации
13 октября 2025